Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жолдарды жөндеу жұмыстары басталды
    Айғақ TV

    Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жолдарды жөндеу жұмыстары басталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.03.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында жолшылар шұңқырларды жамау және жолдарды таңбалау жұмыстарына кірісіп кетті,-деп хабарлайды ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі.

    Алматы облысында бүгінгі таңда «Алматы – Нұр-Сұлтан» автомобиль жолының 45-59 шақырымында, «Алматы – Бішкек» жолының 25-27 шақырымында шұңқырларды жамау жұмыстары басталды. Жөндеумен қамтылған жолдардың жалпы ауданы 80 мың шаршы метрді құрайды. Аталмыш жұмыстар екі ай ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Шараларға мамандандырылған техниканың 7 бірлігі мен 20-дан астам маман жұмылдырылған. Сондай-ақ, мұнда жолдардың қозғалыс бөлігін таңбалау, жарықтарды жою жұмыстары басталды.

    Түркістан облысында «Жизақ – Гагарин – Жетісай – Асықата – Сарыағаш – Жібек жолы» жолында шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, жолдың қозғалыс бөлігін таңбалау, жол белгілерін орнату жұмыстары аяқталған.

    Жамбыл облысындағы жолдардың 8 мың шаршы метрінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Жол қызметтері мұндай жұмыстарды «Алматы – Ташкент – Термез» жолының 239-240 шақырымында аяқтаған. Қазіргі таңда жолдарды таңбалау және жол бойын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан жолдарының шамамен 484 мың шаршы метрінде шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілмек. Жолдардың 28 мың шақырымы таңбаланып, 12 шақырым жолда жол белгілері ауыстырылады деп жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.