Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Түркістан: Жедел штаб 35976 азаматты тексерістен өткізді
    Айғақ TV

    Түркістан: Жедел штаб 35976 азаматты тексерістен өткізді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.03.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Елімізде коронавирусқа қатысты төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Түркістан облысы әкімінің жанынан жедел штаб құрылған болатын. Сондай-ақ, Түркістан облысы полиция департаментіндегі жеке құрамның  қызметі ерекше жағдайға көшіріліп, тоқтаусыз жұмыстар жүргізілуде. Ондағы мақсат – қоғамдық тәртіптің сақталуы. Осы мақсатта облысымыздағы аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, режимдік әрі ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін, көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандар  толық күзетілуде, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да, қалалардан  келген азаматтарды, көліктерді тексеріп өткізу мақсатында  Түлкібас ауданында «Шақпақ»  және Кентау қаласы аумағына «Сауран» шеп бекеттері қойылып, азаматтарды есепке алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгіннің өзінде бұл бекеттерден 13296 автокөлік пен 35976 азамат тексеріліп өткізілген. 

    Жалпы Түркістан облысының аумағында 112 ірі сауда орталығы, 103 базар, 33 автовокзал, 1 мега орталығы (Түркістан қаласында), оның   ішінде 1 кинотеатр, 1133 кафе-бар  орналасқан. Төтенше жағдайға байланысты ірі сауда орталықтары сағат 10.00-ден 18.00-ге, базарлар 11:00-ден 17:00-ге дейінгі уақыт аралығында жұмыс атқаруда. Мега орталығындағы кинотеатр жұмысы карантинге байланысты тоқтатылса, 1133 кафе-барларды сағат 22.00-ден кейін жабу жұмыстары жүргізілуде.

    Бұдан бөлек,  облыс аумағында барлық елді мекендерде той-томалақ өткізген жағдайда қатаң жауапкершілікке тартылатын ескертілді. Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, заң талаптарын сақтамаған тұлғаларға қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен 54 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған. 

    Сондай-ақ, жыл басынан короновирусқа қатысты полиция департаментімен ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабымен (Көрінеу жалған ақпарат тарату) 7 қылмыстық іс қозғалған. Барлық қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.