Қазақстанда екі науқас коронавирустан емделді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
Қазіргі таңда бұл азаматтар дәрігерлердің қатаң бақылауында, таңертеңге дейін талдаулардан ешқандай өзгеріс байқалмаса, үйлеріне жіберілетін болады. Осы ретте, Дәурен Абаев тәулік бойы жұмыс жасап жатқан дәрігерлердің тынымсыз еңбегіне айрықша алғыс білдірді.