• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қазан 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Президент коронавирусты анықтауға мүмкіндік беретін тест жүйесімен танысты

25.03.2020
0

Қазақстан Президенті Ұлттық биотехнология орталығындағы отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен танысты. Орталық қызметкерлері Мемлекет басшысына ДНҚ жасанды синтез жолымен әзірленген және жұқпалы коронавирус ауруының жаңа түрін жылдам анықтауға мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция (ПЦР) негізіндегі тест жүйесін таныстырды. Аталған тест жүйесі шетелдік диагностикалық құрал-жабдықтармен салыстыру кезінде өзінің жоғары сезімталдығын көрсеткен, — деп хабарлайды Ақорда.

Қазіргі уақытта Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін және COVID-19 вирусының әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделу қабілетін ескере отырып, Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцина жасау бойынша бірлескен жұмыстарын бастап кетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев биолог ғалымдардың еңбегін жоғары бағалап, Қазақстан ғылымының құзыретін арттыру үшін отандық әзірлемелердің маңыздылығын атап өтті.

– Шын мәнінде, бұл зертхана Қазақстан үшін бірегей саналады. Біз сіздердің ғылыми жұмыстарыңызға зор үміт артамыз. Қажетті көмек беріледі. Вирус пен оның таралуы биологиялық лабораториялардың, медициналық және санитарлық қызметтердің жұмыстарына мемлекеттің ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін көрсетті, — деді Мемлекет басшысы.

Президент карантин талаптарын сақтау қажеттігі жайында айтты.

– Мен азаматтарымызды карантин режимін сақтауға шақырамын. Бірақ, ешқандай дүрбелең туғызуға болмайды. Өйткені індет ежелден оптимизм мен өмірге құштарлық салтанат құрған, адамдардың жігері мұқалмайтын жерлерді айналып өтеді. Сонымен қатар кімде-кім депрессияға түсіп, қайғыға салынатын болса, инфекция да соған үйір болады. Сондықтан бәріміз бірге болуымыз керек. Ал ауырғандарға келетін болсақ, оларды ешқандай да шеттетпейміз. Барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіледі. Біз оларға да, карантинде жатқан азаматтарға да қамқорлық жасаймыз, — деді Мемлекет басшысы.

Президент Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында ауқымды іс-қимылдар жоспары жарияланғанын атап өтті. Ол бойынша халыққа, оның ішінде, бизнес өкілдеріне қаржылай көмек беріледі.
— Салықтық жеңілдіктер мен кредит жүктемелерін төмендету шараларын есептемегенде, дағдарысқа қарсы жұмсалатын қаржының жалпы көлемі 10 миллиард доллардан асады. Бұл — бұрын-соңды болмаған сома. Біздің алдымызда қазір осы қаражатты өте тиімді жұмсау міндеті тұр. Біз осы бағыт бойынша жұмыс істейміз. Жағдай бақылауда, азаматтар мемлекеттің қамқорлығын сезінуде. Бұл — біздің жұмысымыздың негізгі басымдығы, — деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орталық жұмысымен танысу барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, сондай-ақ, Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов баяндама жасады.

Бұған дейін отандық ғылыми ұйымдар қысқа мерзім ішінде құс тұмауы мен доңыз тұмауына, нодулярлы дерматитке және бруцеллезге қарсы вакциналар әзірлеген болатын. Жалпы вакцинаның 28 түрі жасалып және диагностикалық тест жүйесінің технологиялары әзірленді. Мұның кейбірі шет елге шығарылады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды.  Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

19 КӘСІПОРЫНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері бақылауға алынып, заң талаптарының сақталуы жіті тексерілуде. Биыл тоғыз айда 37 тексеру жүргізіліп, анықталған заңбұзушылықтар...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте кәсіпорындардан шығатын жағымсыз иіске қатысты тұрғындар шағымы назарға алынды. Қала әкімінің көшпелі кездесуінде көтерілген мәселені зерделеу үшін арнайы комиссия...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

БОЗАРЫҚТАҒЫ ЖАҢА БАСПАНА

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Бозарық шағынауданындағы жаңа баспаналар тұрғындарға табысталды. Осылайша мегаполисте  тағы 30 отбасы көптен күткен пәтер кілттеріне ие болды. Үйлір болғандардың қатарында...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ВЕНГРИЯЛЫҚТАР ДЕНДРОСАЯБАҚҚА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкент пен Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланыс игі іспен жалғасты. Ресми сапар аясында Венгриялық делегацияның өкілдері дендросаябақта ағаш көшеттерін отырғызды....

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

АҒАЙЫНДЫ ЧЕМПИОНДАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Он екі жылдық үзілістен кейін қазақ боксы Азия ойындарының алтынына қайта қол жеткізді. Бұл жолы тарихи жеңісті Шымкенттік боксшы Төрехан...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.