Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША МОБИЛЬДІ ТОП НАҚТЫ ШАРАЛАР АТҚАРУДА
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ БОЙЫНША МОБИЛЬДІ ТОП НАҚТЫ ШАРАЛАР АТҚАРУДА

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.03.2020830 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды,- деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.Соңғы екі күнде облыс орталығындағы бағаның өсуіне байланысты аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының Төтенше жағдайға байланысты көтерілуін болдырмау және оның алдын-алу шараларын қабылдау мақсатында мобильді топ құрылды. Нәтижесінде Түркістан қаласындағы  «Қуаныш» және «Алтын бұлақ» базарларында көрші облыстардың көтерме сатып алушыларының ірі көлемде азық-түлікті сыртқа әкетуінен негізгі әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасы 30-40 теңгеге (40-60 пайыз) қымбаттап, тауар тапшылығы орын алғаны анықталды.

    Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің жетекшілігіндегі Мобильді топ құрамына: облыстың аудан, қала әкімдері, кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармалары, Прокуратура, Түркістан облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту, Мемлекеттік кірістер, Полиция, Экономикалық тергеу, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшылары және Кәсіпкерлік палатасының директоры, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері кірді. Түркістан облысы аумағындағы сауда нысандардағы бағаның көтерілуін болдырмау іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмысшы топ толық құрамда базарларға шықты. Барлық кɵтерме таратушылармен сату бағасы белгiлендi. Кентау, Отырар және Созақ аудандарының  əкiмдерi бастап келген кɵтерме сатып алушыларға қажеттi кɵлемiн тɵмен бағамен тиеп əкетуге жағдай жасалды. Сенбi, жексенбі күнгi базар нарқынан: картоп-35 теңге (120-130); пияз, капуста-20 теңге (75-80) тɵмен. Ұн, макарон, май, күрiш, құмшекер т.б. бекiтiлген шектi мəн тɵңiрегiнде. Бағалар тұрақты. Базарларда адам саны қалыпты, дүрлiгу жоқ.

    Одан әрі, мобильді топ Түркістан қаласындағы бірқатар супермаркеттерді аралап,  азық-түлік дүкендердiң қалыпты режимде қызмет iстеп жатқандығын, сатып алушылардың саны кɵп еместiгiн, азық-түлiк қорының жеткiлiктi екендiгiн жəне бағалардың негiзсiз ɵсiмi орын алмағандығына кɵз жеткiздi. Баға өсу фактілері бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Орын алған жағдайға байланысты, азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу және жасанды тапшылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

     

    Тɵтенше жағдай кезеңiндегi талаптардың орындалуын қатаң сақтау ескертiлдi.Мобильді топ Қызылорда облысының шекарасында орналасқан Сауран ауылдық округіндегі блокпосттың жұмысымен, азық-түлік тасымалдану жағдайымен танысты. Жалпы бұл мәселелер облыс басшылығының тұрақты бақылауында болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.