Түркістан облыстық клиникалық аурханасының дәрігерлері COVID-19 инфекциясынан сақтану жолдарын түсіндірді,- деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Елімізде коронавирус жағдайларының тіркелуіне байланысты, үрейге бой алдырмауды сұраймыз.
Облыстық клиникалық ауруханасымен қатар өңірдегі барлық медициналық ұйымдар пациенттерді қабылдауға дайын, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылған,-дейді облыстық клиникалық ауруханасының инфекционист-дәрігері Татьяна Қасымова.
Ал, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас эпидемиолог дәрігері Гүлнар Төлепова коронавирустың таралуына жол бермеу үшін тұрғындар да төмендегідей профилактикалық шараларды ұстанулары қажеттігін айтуда.
— дене қызуының көтерілуі, жөтелу, қиын демалу белгілері болса 103 нөмірі арқылы жедел медициналық көмек шақыру қажет.
Халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс реаниматологы Вячеслав Цайдың айтуынша, дәрігерлер бүкіл әлемді дүрліктірген індетке қарсы бірнеше рет оқу курстарынан да өткен.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тұрғындарға 1406 телефоны және өңір бойынша 109 нөмірі арқылы шұғыл ақпараттық орталығына хабарласуларына болады.