Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
    Айғақ MEDIA

    Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.03.2020249 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шаралары қаралды, — деп хабарлайды primeminister.kz

    Премьер-Министрдің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Ә. Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы М. Әбілқасымова, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов және мемлекеттік органдардың басқа да басшылары баяндама жасады.

    Кеңеске қатысушылар 2020 жылға арналған бюджет параметрлерін және мемлекеттік сатып алу саласында қабылданып жатқан шараларды талқылады, оның ішінде отандық тауар өндірушілердің тізілімін жасау және арнайы мемлекеттік сатып алу режимін енгізу, қамтамасыз ету жарнасын немесе банк кепілдемесін ұсыну қажеттігін алып тастау болды.

    Валюта нарығын тұрақтандыру, іскерлік белсенділікті салықтық ынталандыру, несиелер бойынша негізгі қарыз сомасын және сыйақы төлеуді тоқтата тұру, жұмыс берушілерді, әсіресе, ШОБ-ты қолдау, азық-түлік қауіпсіздігі мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған тұлғаларға әлеуметтік төлем жасау, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтары үшін тегін азық-түлік жиынтығын үлестіру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ карантин кезеңінде коммуналдық қызметтерге төлемдерді төмендету шаралары қарастырылды.

    Тест жүйелерімен, өкпені жасанды тыныс алдыру құрылғыларымен, дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

    Премьер-Министр Үкіметтің қысқа мерзім ішінде 2020-2024 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке нақтылау енгізетінін атап өтті.

    Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиімді әрі жедел іске асыру бойынша нақты шараларды қабылдауды тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.