• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА АРНАЙЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

20.03.2020
0

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирус дертіне байланысты оңтүстікке кіріп-шығуды тәулік бойы қадағалау үшін ашылған арнайы жасақталған бекетте болды. Жамбыл облысынан Түлкібас ауданына кіреберістегі «Шақпақ» бекетінде орнатылған блок-пост арқылы Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Жамбыл облысынан келетін барлық автокөліктер жүріп өтеді. Күре жолдың бойында ашылған арнайы бекетте полиция мен дәрігерлер әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде. Елдегі төтенше жағдайға байланысты ашылған арнайы бекеттің жұмысын тексеріп, тұрғындармен тілдескен облыс әкімі Түркістан облысының халқына арнайы мәлімдеме жасады.

«Құрметті жерлестер, аудан тұрғындары! Күні кеше Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев халыққа үндеу жариялап, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды.

Сырттан келген індетпен күресте әкімдікпен бірге мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар, белсенді азаматтар бұл іске қатысуда.

Облыстағы ахуалды тұрақты сақтау үшін 18 наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтардағы «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде короновирус дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок-посттар қойылды. Екі тәулік ішінде «Шақпақ» бекеттері арқылы өткен 6000-ға жуық адам тексерілген. Блок — постта арнайы 4 тепловизор орнатылған. Шұғыл әрекет ету мақсатында 30-ден астам дәрігер, медициналық жедел-жәрдем қызметінің бригадасы да жұмылдырылып отыр.

Бұдан бөлек, теміржол, әуежай, қалааралық бекеттер мен шекараларда санитарлық жұмыстар қызу жүруде. Індетпен күрестің  күнделікті жұмыс барысы облыс әкімдігінде ашылған ситуациялық орталық арқылы қалың халықты хабардар етуде. Бұл вирус – тез тарайтын вирус. Облысқа келіп жатқан азаматтар, өздерінің деректерін блок-постта қалдырып, өздері барған жердегі жергілікті әкімдікті де хабарлап отыруын міндеттейміз.

Түркістан облысындағы барлық ауруханаларда коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары күшейтілді. Емдеу мекемелері жаппай карантинге көшкен. Төтенше жағдай жарияланған сәттен, облыста провизорлық госпитальдар ашылып, 440 орын даярланды. Бұл мекемелерде қазіргі таңда карантинде 30 адам жатыр. 18 адам дәрігерлік тексеруден кейін үйлеріне шығарылды. Провизорлық госпитальдар барлық ауданда ашылатын болады. Дұрыс түсініңіздер, бізде коронавируспен ауыратын науқастар тіркелген жоқ. Дегенмен, біз елдігімізді көрсетіп, аурудың алдын алу шараларын жүзеге асыруымыз керек.

         Бұл індеттің тарауына тосқауыл қою үшін адамдар күнделікті жүріс-тұрысын шектеп, қоғамдық орындарға бармауы қажет. Тойхана, мейрамханалар жабылды, қоғамдық көліктерді де тоқтатамыз. Біз осындай жұмыстар арқылы «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» бұл індетті жеңіп шығуымыз керек», – деді облыс басшысы.

         Елбасы өз үндеуінде қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын Республикалық қор құруды ұсынды. Түркістан облысында Арыстағы төтенше жағдай орын алған кезде нәтижелі жұмыс істеген «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры бар. Елбасының тапсырмасына орай, аталған қорға облыс әкімдігі, басқармалар мен оған қарасты мекемелер бүгін бір күндік жалақыларын аударады. Бастаманы қолдаған бизнес өкілдері  тарапынан да қорға ақша аударылады. 

Төтенше жағдайға байланысты «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының жанынан қамқоршылық кеңесі құрылды. Қамқоршылық кеңесінің құрамына «Nur Otan» партиясы, кәсіпкерлер, ардагерлер кеңесінің өкілдері кіреді. Бұл қор облыстағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік пен гигиеналық заттар бөледі. Қажетті заттарды таратуға еріктілер, «Жас Отан» жастар қанаты белсеніп отыр.

         «Алаңдауға негіз жоқ. Түркістан облысының аумағында коронавирус тіркелген жоқ. Сақтық шаралары күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр. Азық-түлік қоры жеткілікті, бағаларды негізсіз өсіруге жол бермейміз. Құрметті жерлестер! Дәл қазір бүкіл әлем қиын кезеңде тұр. Алайда, біз бұл қиын-қыстау уақыттан да бірлік пен ынтымақтың арқасында аман-есен өтеміз деп сенемін! Қазіргі таңда бізге тыныштық керек, жалған ақпараттарға сенбеңіздер. Ресми ақпарат пен  бұқаралық ақпарат құралдарына ғана сеніңіздер. Біз күнделікті жағдайды қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Біз біргеміз!»,-деп түйіндеді Өмірзақ Естайұлы.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданындағы темір жол вокзалындағы қолға алынған сақтық шараларын пысықтады. Жауапты сала мамандарының жұмылдыруымен шойын жол бекеттерінде жер жаһанда үрей тудырған қауіпті індеттің таралуына жол бермеу үшін арнайы тексеру орны жасақталған. Екі тәулік 16 поезд жүріп өтіп, 200-ден астам жолаушы тексерілген. Барлығы дін аман.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызмет

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.