Шымкент қаласында халық көп жиналатын орындарда сақтық шаралары қарастырылуда,- деп хабарлайды aigak.kz тілшісі.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұқпалы дерттің алдын алу үшін15 наурыздан бастап елде төтенше жағдай деп жариялаған болатын. Осы сәйкес қала аумағында сақтық шаралары күшейтілді. Атқарылып жатқан жұмыс барысын арна тілшілері арнай барып көріп қайтты. Мәселен бір күнде 30-40 мың адамға қызмет көрсететін Орталық базарда заттардың барлығы жабық түрде сатылса, сатушылар арнайы бетперде мен ақ халаттар киген. Ал 10 адамнан тұратын базар қызметкерлері толықтай заласыздандыру жұмыстарын әр 4 сағатта жүргізуде.