Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»«Сәби» қоры мен Kaspi.kz 100 000 тест сатып алуға 2 жүз миллион теңге бөлді
    Әлеумет

    «Сәби» қоры мен Kaspi.kz 100 000 тест сатып алуға 2 жүз миллион теңге бөлді

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.03.2020227 Views

    «Сәби» қоры мен Kaspi.kz 100 000 тест сатып алуға 2 жүз миллион теңге бөлді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    «Сәби» қайырымдылық қорының Президенті және негізін салушы Әсел Тасмағамбетова мен қордың негізін салушы Кеңес Рақышев ҚР Дәрілік заттарды сараптау орталығына көмектесу мақсатымен 100 000 000 теңгеге коронавирусты анықтауға арналған 50 000 тест сатып алу арқылы көмек көрсетті. Сонымен қатар қор құны 10 000 000 теңгелік тыныс алуға арналған ИВЛ V8600 аппаратын да сатып алады.

    Kaspi.kz Басқарма төрағасы Вячеслав Ким мен Kaspi.kz Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе де бұл мақсатқа 100 000 000 теңге бөлді.

    Covid-19 коронавирусының таралуынан туындаған күрделенген жағдайға қарай елде жарияланған ТЖ және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында жарияланған карантинге байланысты қиын кезеңде «Сәби» қоры «Медициналық жобасының» аясында Қазақстан тұрғындарына көмектесу туралы шешім қабылдады. Kaspi.kz басшылары осы маңызды бастамаға қосылуды шешті.

    Коронавирусты уақытында, алғашқы күндері анықтап, вирусқа қарсы ертерек ем алу өмірлік маңызы. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын азайтады.

    Мұндай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, ел болашағының алдындағы жауапкершілік.

    Covid-19 коронавирусын анықтауға арналған 100 000 дана жедел тест «КДЛ Олимп» ЖШС-не «Олимп» клиникалық-диагностикалық лаборатория базасында тұрғындар арасында тегін тест жүргізу үшін беріледі.

    «Сәби» қоры 2002 жылы құрылған. Оның басты бағыттары балалардың денсаулығы мен табиғи дамуы және рухани даму мен білімнің қолжетімділігі. Өз қызметін қоғамның қорғалмаған бөлігіне бағыттау арқылы «Сәби» қоры жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан талантты, денсаулығында кінарат бар балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетумен айналысады.

    Kaspi.kz Қазақстандағы ең ірі төлем жүйесі, сауда алаңы мен мақсаты инновациялық өнімдер мен төлем, сатып алу мен жеке қаражатты басқаруды дамытатын қызметтерді жасау арқылы адамдардың өмірін жеңілдетуді мақсат тұтатын Fintech экожүйесін
    басқарады. Біз жетекші технологиялар мен ауқымды мәліметтерді сараптаудың жеке тәсілдерін қолдана отырып тұтынушылармен ықпалдасу арқылы бірыңғай алаң қалыптастырамыз. Kaspi.kz экожүйесінің негізінде айына 6,0 миллион белсенді қолданушысы бар елдегі жетекші ұялы қосымша Kaspi.kz тұр.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.