• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Президенттің бір жылда атқарған жұмысы туралы арнайы кітап жарық көрді

20.03.2020
0

 Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметкері Берік Уәли facebook-те жазды. 4 томнан тұратын кітап «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталады.  «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елді басқару тізгінін қолына алып, президенттік қызметіне кіріскеніне бүгін тура 1 жыл толды. Қасым-Жомарт Кемелұлы жуырда твит-парақшасында: «Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы – Елбасы стратегиясының сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды…» деп жазды. Расында сол тарихи кезеңдегі Елбасының таңдауынан кейін, көп ұзамай өткен сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан халқының басым бөлігі (70,96%) Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасына қолдау білдіріп, дауыс берді. Қасым-Жомарт Кемелұлының сол 2019 жылдың 20 наурызынан бері қабылдаған шешімдері, өткізген кездесулері мен қабылдаулары, жалпы атқарған жұмыстары түгелдей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырды. Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сайлауалды бағдарламасын «САБАҚТАСТЫҚ. ӘДІЛДІК. ӨРЛЕУ» деп атап, өзінің негізгі үш ұстанымын жариялаған болатын. Осы басты қағидаттарды ұстанған ҚР Президентінің Баспасөз қызметі Мемлекет басшысының осы уақыт аралығында әртүрлі деңгейдегі мінберлерден сөйлеген сөздерін жинақтап, 1 жылдық жұмыстың қорытындысы ретінде «САБАҚТАСТЫҚ. ӘДІЛДІК. ӨРЛЕУ» деген атпен 4 томдық жинақ шығарып отыр. Бұл кітаптарда Мемлекет басшысының әртүрлі іс-шараларда сөйлеген 76 сөзінің толық мәтіні жинақталды. Бірінші кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыған елдердің қатарына қосу мақсатымен қолға алған бастамалары және халықтың жарқын болашағы үшін жүзеге асырылатын жобалар туралы ой-пікірлері, мемлекеттің алдында тұрған басым бағыттары мен міндеттерін айқындауға арналған жалпыұлттық іс-шараларда сөйлеген сөздері енгізілді. Екінші кітапқа Мемлекет басшысының өңірлердегі жұртшылықпен кездесу өткізіп, ел мен жердің тағдыры, саяси өзгерістер, экономикадағы серпін, әлеуметтік жауапкершілік және басқа да қоғам өмірі туралы ой-толғамдары, еліміздің алдында тұрған басым бағыттар мен міндеттер жөнінде сөйлеген сөздері топтастырылды. Үшінші кітапқа Қазақстан Президентінің шет мемлекеттердің басшыларымен кездесулерде, әлемдік саммиттер мен халықаралық форумдарда сөйлеген сөздері жүйеленіп топтастырылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеннен кейін бірнеше айдың ішінде Ресей, Қытай, АҚШ және Еуразияның басқа да көптеген елінің көшбасшыларымен байланыс орнатып, шет елдерге бірнеше мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарын жасады. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының саммиттеріне қатысты. Аталған жиындарда халықаралық саясаттағы Қазақстанның орны, ұстанымы туралы мәлімдемелер жасады. Төртінші кітапқа Қазақстан Президентінің бір жыл ішіндегі отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалары мен сұхбаттарында, БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингтерде еліміздің шет мемлекеттермен арасындағы байланыстарға, халықаралық және ішкі саяси мәселелерге қатысты айтқан ой-толғамдары енді. Сондай-ақ, кітаптың соңында 8 сұхбат пен 2 деректі фильмнің видеонұсқасы флеш-картаға жүктеліп, қоса беріліп отыр. Міне, ҚР Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының бір жылғы атқарған жұмыстарының жалпы қорытындысы ретінде осы 4 томдықты қалың бұқараға ұсынып отыр. Кітап саясаттанушылардың, журналистердің, зерттеушілердің және жалпы, кез келген ізденуші азаматтың талғамына сай келеді деген үміттеміз», – деді Б.Уәли.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.