Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан зардап шеккен шағын және орта кәсіп иелеріне несие беруді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.