Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРАЛАРЫНДА БЛОК-ПОСТТАР ҚОЙЫЛДЫ
    Әлеумет

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШЕКАРАЛАРЫНДА БЛОК-ПОСТТАР ҚОЙЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа19.03.2020255 Views

    Түркістан облысында 18-наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтарындағы «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде короновирус дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок-посттар қойылды. Полиция және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде.
    Мәселен, Шымкент-Самара тас жолының 208-шақырымындағы «Сауран» бекетінде коронавирустың Түркістан облысы аумағына енбеуін қадағалау мақсатында арнайы блок-пост тәулік бойы жұмыс істеуде. Бүгін таңғы 9:00ден 13:00-ге дейін 200-ге жуық көлікті тексерген.
    Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметі басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов қазірге дейін ыстығы көтерілген күдікті азаматтар анықталмағандығын айтты.
    «Облыстың шекаралық аймақтарындағы Сауран», «Шақпақ» бекеттерінде арнайы блок-посттар тәулік бойы кезекшілікте. Онда мамандар арнайы 3 перометрмен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген. Құрылғы азаматтардың дене температурасын 2-3 секундта анықтайды. Қазірге дейін бекеттерде күдікті азаматтар анықталмады», — деді департамент өкілі.
    Сонымен қатар, Шымкент-Алматы тас жолы бойындағы Шақпақ бекетінде де блок-пост тәулік бойы кезекшіліктер тұр. Әр бекет тәулігіне 400-ге жуық көліктерді тексерістен өткізуде.
    Бұдан өзге, Түркістан облысындағы әрбір ауданның әкімшілік шекараларында да эпидемияның таралуына тосқауыл қоятын арнайы мамандар бекеттерге жұмыс істеп отыр.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.