Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру туралы
    Әлеумет

    Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру туралы

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.03.2020227 Views

    ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында онлайн-брифинг аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің жұмысын ұйымдастыру туралы ақпарат берді.
    «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа коронавирус пандемиясын жариялауына және Республикамыздың Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төтенше жағдайды енгізуіне байланысты мемлекеттік аппаратқа халық тыныс-тіршілігінің барлық салаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген.
    Бүгін біз жаңа талаптар жағдайында барынша бірлесе отырып, алдын ала әрекет етуіміз қажет. Бұған бізді Мемлекет басшысы шақыруда.
    Бұл күндері, біздің азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелерге жүгінбей, қажетті көрсетілетін қызметтер көлемін алуларын қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік қызметшілер барынша үйлесімді жұмыс істеулері керек»,- деді Агенттік төрағасы.
    А.Жаилғанованың айтуынша, азаматтардың мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алуы, соның ішінде өтініштерді мемлекеттік органдардың call-орталықтары және онлайн-қабылдау арқылы қабылдау үшін ақпараттық жүйелер мен порталдардың үздіксіз жұмыс істеуіне ерекше назар аудару қажетт.
    «Осы күрделі кезеңде біздің отандастарымыздың жайлылығы мемлекеттік органдарға байланысты. Алайда, қазір мемлекеттік мекемелердің үздіксіз жұмыс істеуі үшін мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын сақтауға көңіл бөлу өте маңызды.Қалыптасқан жағдай коронавирустық инфекцияның таралу қауіпін төмендетуге мүмкіндік беретін қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауды талап етеді», — деп атап өтті ол.
    Мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын сақтау мақсатында келесідей шаралар ұсынылады.
    1. Икемді, қысқартылған немесе қашықтықтан жұмыс режимін қолдану. Мемлекеттік органдарда икемді жұмыс уақытын қолдану ағымдағы жағдайда ерекше өзекті болып табылады.
    Бұл мемлекеттік қызметшілерге жұмыстан қол үзбей, ұзақ демалыс кезінде өз балаларын қауіпсіздендіруге және барлық жауапты бағыттарда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, осы шараны іске асыру қоғамдық көлікті қосымша жеңілдетуге ықпал ететін болады, бұл COVID-19 жаппай таралуын болдырмаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
    Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орнында тікелей болуын талап етпейтін салаларда қашықтықтан жұмыс режимін енгізген жөн.
    Осыған байланысты, уақытша шектеулер кезеңінде орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер мемлекеттік қызметшілердің мынадай санаттарын айқындаулары қажет:
    — жұмыс орнында міндетті түрде бола тұрып, ұйымның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын тұлғалар. Бұл ретте осы тұлғалардың қысқартылған жұмыс уақыты бойынша қызмет ету мүмкіндігін қарастыру қажет;
    — еңбек функцияларын қашықтықтағы жұмыс режимінде орындайтын адамдар;
    — демалысқа жіберілетін қызметшілер.
    Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың жұмыс шарттары мен тәртібін осындай жұмыс режимін қарастыратын еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асыру қажет.
    Қашықтықтан жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді тұрғылықты жерінде болуын және өз қалалары мен елді мекендерінен кетпеулері сұралды.
    2. Мемлекеттік органдарда ағымдағы кеңестер мен отырыстарды өткізуді шектеу. Мемлекеттік органдардың басшыларына жедел келіссөздер мен кеңестерді скайп-қосылыстар, видеоконференцбайланыс және мессенджерлер арқылы жүргізу ұсынылды.
    3. Ағымдағы тапсырмаларды орындау мерзімін қайта қарау.
    Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықты қорғау, әлеуметтік және өзге де халықты қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты емес тапсырмалардың бақылау мерзімдерін төтенше жағдай уақытында ұзартуды немесе тоқтату ұсынылды.

    МҚІА баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.