Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Түркістан облысында 340 төсек орын дайын тұр
    Әлеумет

    Түркістан облысында 340 төсек орын дайын тұр

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.03.2020297 Views

    Түркістан облысында бес бірдей басқарма бірлесіп брифинг берді. Бұл жолғы мәселе әрине дүйім жұртты үрейлендіріп отырған коронавирус. Айтуға аузың бармайтын дертпен рухани астананың аймағы қалай күресіп жатыр? Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы қазіргі таңда дәрігерлерге кеңес беріліп, 340 төсек орын дайындалып қойған дейді.

    Қорқыныш көптеген ауруларды қоздырып, иммунитетті төмендетеді. Содан ағзамыз зиян шегіп, дертке күресуге мүмкіндік болмай қалуы мүмкін. Сондықтан дүрбелеңге ермей, бекерге қобалжымау қажет. Бастысы өзіңіз үшін жеке гигиеналық талаптарды сақтаңыз. Денсаулық сақтау саласындағылар осылай деп кеңес беріп жүр.

    Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы сабақ тоқтатылды. Жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттері қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Бірақ, Түркістан облысындағы ауыл-аймақтардың барлығында бірдей интернет жұмыс істемейді. Бөлек тақырып, күрделі мәселе. Ал, балабақша жағдайына келсек. Түркістанда 1441 балабақша бар екен. Оның 80 пайызы жекенің меншігінде болғандықтан күн сайын залалсыздандыруға қауқары жетпей отыр. Сондықтан жуық арада балабақшаларда жұмысын тоқтатпақ.

    Ауырып ем іздегенше, сақтанған дұрыс. Сондықтан бес басқарма бірлесе отырып облыста атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, халыққа кеңесте берді. Мәселен, әлеуметтік желіде есіп жүрген ақпараттың барлығына бірдей сене берудің қажеті жоқ. Және жалған ақпарат таратқандарға қомақты айыппұл салынатынын ұмытпаңыз.

    Брифингте Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясының басқарма басшысы азық-түлік бағасын реттеу бойынша мәлімет айтты. Оның айтуынша, қорға қажетті тауарларды сатып алуға 650 млн. теңге қарастырылған. Азық-түлік бағасын негізсіз өсіріп жатқандармен күрес жүруде, тек бағаны ұстап тұру бұл басқарманың құзырында емес екен. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің құлағына алтын сырға. Әзірге шетелден жұмысшы тартып әуре болмаңыз.

    «Айғақ-ақпарат»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.