Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайдың салдарынан масканың жетіспеушілігі сезілуде. Осы тығырықтан шығу жолын тапқан Шымкент қаласы эко-маскалар шығаруда. Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырмасы бойынша миллионнан асатын масканы жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі өндіруде.
300-ге жуық тігінші мамандығында білім алатын студент тартылған жұмыс нәтижесінде күніне 60 мың медициналық маска дайындалады. Ал, дайын маскалар дәріханаларға және халыққа қызмет көрсету орталықтарына таратылатын болады.