Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Коронавирус: Жамбылда 11 адам — стационарда, 9 адам — үй карантинінде жатыр
    Әлеумет

    Коронавирус: Жамбылда 11 адам — стационарда, 9 адам — үй карантинінде жатыр

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.03.2020394 Views
    Коронавирус: Жамбылда 11 адам — стационарда, 9 адам — үй карантинінде жатыр ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов ӨКҚ ақпарат алаңында коронавирус індетінің алдын алу, профилактикалық шаралар туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    Спикердің айтуынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыстық комиссия құрамы, оның жоспары мен жұмыс алгоритмі мен міндеттері бекітілген. Барлық медициналық ұйымдар коронавирусты инфекциямен ауыратын науқастарды қабылдауға және емдеуге, сондай-ақ стационарлық жағдайда карантинге оқшаулауға дайын. «Барлық емдеу, алдын алу мекемелерінде медицина қызметкерлері үшін санитарлық автотранспорттың, жеке қорғану құралдарының, дезинфекциялық препараттардың, дәрілік заттардың қажетті қорының болуы қамтамасыз етілген. 1040 төсектік төсек қоры дайындалды, оның ішіндегі 400-і — ауруларды емдеу үшін, 640 төсек — карантин үшін. Емдеу-алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу үшін жоғарыда көрсетілген нысандарда 610 жоғары білікті арнайы оқытылған медицина қызметкері жұмылдырылды»,-деді басқарма басшысы. Бүгінгі таңда облыс аумағына басқа елдерден келушілерге тиісті медициналық бақылау мониторингі жүргізілуде. 17 наурыздағы жағдай бойынша облыс аумағында 1 а санаттағы елдерден (ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея, Италия) келген 11 азамат карантинге жатқызылды. Барлық оқшауланғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Ал, 1 б санаттағы елдерден (Франция, Германия, Испания) үй карантиніне 9 адам алынды. 2 санаттағы елдерден (Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланд) келген азаматтар жоқ. Бұл жұмыс күнделікті, тиісті бақылауда және әрі қарай жалғасуда.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.