• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Ломбард-банктер төтенше жағдайда айыппұл мен өсімпұл сала алмайды

17.03.2020
0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 13 наурызда жедел штабтың отырысында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде, төтенше жағдай режимінің әсерін жұмсарту үшін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы бүгін Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова ҚР Үкіметінің отырысында «Төтенше жағдайдың енгізілуіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуалдың өзгеруіне байланысты макропруденциялық реттеудің уақытша шаралары туралы» деген баяндамамен сөз сөйлеген кезде хабарлады.

Бірінші шара қаржы жүйесінің тұрақтылығына бағытталған.

«Қазіргі уақытта Қазақстан қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты. Шоғырландырылған негізде екінші деңгейдегі банктердің үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және банктік қызметтердің толық тізбесін көрсету үшін меншікті капиталы мен өтімділігінің едәуір қоры бар. Банктердің салымшылары үшін тәуекелдер жоқ. Активтер сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша реттеушілік минимумға қатысты k1 капиталы жеткіліктілігінің асып кетуі түзетулерді ескере отырып 70%-ды құрайды. Агенттік банктердің тауар және қаржы нарықтарындағы әлеуетті күйзелістерге орнықтылығын анықтау үшін жүйелік деңгейде және банктер бойынша жеке алғанда банк жүйесін стресс-тестілеу жұмысын жүргізуде», — деп хабарлады қаржы реттеушісінің басшысы.

Ағымдағы жылғы 30 наурызға дейін активтердің сапасын тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша банктердің түзету іс-қимыл жоспарлары қабылданады. Бұл ретте, өзгерген экономикалық жағдайларды назарға ала отырып, 2020 жылғы 1 қазанға дейін провизияларды есептеу тәсілдерін қатаңдататын бірқатар реттеушілік шараларды енгізу кейінге қалдырылады, — деп атап өтті М. Әбілқасымова.

2020 жылғы 1 сәуір – 1 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан бизнесін кредиттеу деңгейін төмендетуге жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.

«Ағымдағы жылғы 1 сәуір – 1 қазан аралығында Қазақстан бизнесін кредиттеу деңгейін төмендетуді болдырмауға бағытталған пруденциялық реттеудің уақытша шаралары қабылданатын болады. Бұл реттеу шараларының контрциклдық сипаты бар және олар банктердің капиталы мен өтімділігіне қысымды төмендетуге бағытталған», — деп атап өтті Агенттік басшысы.

Ол үшін Агенттік бизнесті қолдаудың, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жобаларды қаржыландырған кезде тұрақты кепілдер тізбесін кеңейтеді және ШОБ, МЖӘ кредиттері және синдикатталған кредиттер бойынша төмендетілген тәуекел-саралауды енгізеді. Сонымен қатар төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қарыз бойынша төлемді кейінге шегеру реттеушілік талаптар бойынша құнсыздану мен провизиялауды талап етпейді.

Бұл нормаларды қолдану экономиканы кредиттеу үшін 168 млрд теңге мөлшерінде меншікті капиталды қосымша босатуға мүмкіндік береді.

«Банктердің өтімділігін сақтау және тұрақты қорландыруын қолдау үшін өтімділігі жоғары деп танылатын активтер тізбесі кеңейтіледі. Сонымен бірге банктердің валюталық тәуекелдерін төмендету үшін ұзақ валюталық позиция лимиті және нетто-валюталық позиция лимиті төмендетіледі» — деді М. Әбілқасымова. — Қор және сақтандыру нарықтарының субъектілері үшін кері РЕПО операциялары бойынша тәуекел-саралау коэффициенттері төмендетіледі. НҚА-ға тиісті түзетулер дайындалды және ағымдағы жылғы 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап Агенттік банктерге халықтың жаңадан тартылатын теңгемен депозиттері және қолданыстағы жинақ депозиттері бойынша ставкаларды ҚДКҚ барынша ұсынған ставкалардың өзгерістеріне барабар арттыруды ұсынады».

Қазақстанда жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салуды енгізеді

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Үкіметтің а.ж. 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген, кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде, төтенше жағдай кезеңінде және бұдан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі. Бұл туралы бүгін Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасаған кезде хабарлады.

«Жеке тұлғалардың кредиттік тарихын қалпына келтіру үшін, 50%-дан астам мерзімі өткен берешекті 12 айда өтеген және міндеттемелерді кейіннен орындаған жағдайда қарыз алушы үшін жағымсыз кредиттік тарихты түзету бойынша мүмкіндік көзделеді» — деп хабарлады М. Әбілқасымова.

Қаржы реттеушісінің басшысы коронавирусқа байланысты халық пен бизнеске борыштық жүктеменің өсуін азайту шаралары туралы айтып берді.

2020 жылғы 16 наурыз – 15 сәуір аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне және экономиканың жекелеген салаларына қатысты шектеу шараларының қолданылуына байланысты халық пен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу жөнінде қосымша шаралар қабылдау қажет. Бұл туралы бүгін Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасаған кезде хабарлады.

Агенттік екінші деңгейдегі банктермен және кредит нарығының басқа да субъектілерімен, сондай-ақ «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен бірлесіп мынадай шаралар қабылдауды ұсынады.

«Біріншіден, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 359-бабына сәйкес кредит бойынша міндеттемесін орындамаған қарыз алушы бой бермейтiн күш мән-жайлары, яғни төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар болған кезде мүліктік жауапкершілік атқармайды. Мұндай мән-жайларға төтенше жағдай режимінің енгізілуі жатады» — деп хабарлады ол.

«Соған байланысты, жеке және заңды тұлғалардың қарыздары мен микрокредиттері бойынша төлемдер мерзімінің өтуі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты туындаған кезде айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмеуге тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға банктер ғана емес, ломбардтарды және кредиттік серіктестіктерді, сондай-ақ қарыз беретін барлық кредиторларды қоса алғанда, барлық микроқаржы ұйымдары берген қарыздарға қолданылатын болады. Екіншіден, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 3-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-тармағына сәйкес кредиторлар шарт талаптарын қарыз алушы үшін жақсартқан жағдайда оларды біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Осыған орай, банктер және микроқаржы ұйымдары төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайы нашарлаған дара кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда, төлемдер мерзімін 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру жұмысын жүргізуге тиіс» — деп қорытындылады М. Әбілқасымова.

Банктер мен кредит нарығының басқа да субъектілері аталған шараларды халық пен бизнеске қолайлы болу үшін барынша қашықтан қатынас жасау нысанында іске асыру үшін қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасаудың тәртібі мен тетіктерін айқындайды.

Агенттік Үкіметпен бірлесіп мемлекеттік бағдарламалар – Қарапайым заттар экономикасы және Бизнестің жол картасы-2020 шеңберінде экономиканы кредиттеуді қолдау шараларын пысықтауда.

Агенттік қаржы нарығындағы ахуалға күшейтілген мониторингті жалғастырады және көрсетілген шараларды іске асыруға бақылауды қамтамасыз етеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылдар жалғасуда. Қоғам мен мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін бұл індетпен күрес – тек құқық...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӘДІЛЕТ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӘДІЛЕТ ПЕН ДАМУДЫҢ КЕПІЛІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы және оның аумақтық бөлімшелері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.