Елімізде коронавирустың 14 жаңа дерегі тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда тағы жаңа 14 факт анықталды.
«Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус бойынша тағы жаңа 14 дерек тіркелді. Олар оқшауланып, карантинге жатқызылды. Олармен байланыстағы адамдар анықталды. Қазір оларды оқшаулап, карантинге жатқызу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Біртанов.
17 наурыз күні таңертең Алматыда коронавирустың үш жаңа фактісі белгілі болды. Оның біреуі — екі жасар бала, тағы екеуі — ер адамдар.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 27 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Алматыда — 11 , Нұр-Сұлтанда — 16.