Келес ауданы Біртілек ауылында Қадировтар отбасында үшемдер туылды, — деп хабарлайдыТүркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұған дейін екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған үшемдердің анасы Этибор Қадирова 1992 жылы туған. Али, Усман, Умар есімді үшемді анасы облыстық №1 перинаталды орталықта босанған. Шақалақтар 1700, 1700 және 1800 грамм салмақпен дүниеге келді. Отағасы Қадиров Азамат ауылдағы отбасылық 1,5 га жерге егін егіп, шаруашылықпен айналысады.
![](http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/03/WhatsApp-Image-2020-03-16-at-19.08.59.jpeg)
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев үшемдердің жағдайымен арнайы танысуға барып, сыйлық табыстады. Бұл жайт, Келес ауданы құрылғалы дүние есігін ашқан — үшінші үшем. Аудан әкімі үшемдерге медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін қадағалауды ауыл әкіміне тапсырып, әлеуметтік жағдайы бойынша мәселелер туындаса көмек көрсетілетінін жеткізді.