Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарына оқулықтарды жеткізу әлі аяқталған жоқ, деп хабарлады ҚазТАГ тілішілері ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның сөзіне сілтеме жасай отырып.
«14 өңірге бүгінгі таңда оқулықтарды жеткізу аяқталды, тек екеуінде әлі жалғасуда. Олар Оңтүстік Қазақстан облысы — 96%, Ақтөбе — 93%», — деді Э. Суханбердиева бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте, ол атап өткендей, республика бойынша жаңа оқу жылына оқулықтарды толығымен жеткізу 99% құрап отыр.