Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Биыл салаларды цифрландыру мақсатында 30-ға жуық жоба жүзеге асады
    Әлеумет

    Биыл салаларды цифрландыру мақсатында 30-ға жуық жоба жүзеге асады

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.03.2020524 Views

    Биыл Түркістан облысында түрлі салаларды цифрландыру мақсатында 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Өткен жылы облыс көлемінде цифрландыру саласы бойынша 17 жоба іске қосылған болатын. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.
    Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін 177 ауылдық округте электрондық құжат айналым жүйесі енгізілмек. Бұған қосымша қаражат талап етілмейді.


    «Облыста мектепте оқитын оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Қазақтелеком» АҚ арқылы Түркістан және Арыс қалаларының 11 мектебінде бейне-камералар орнатылып, «қауіпсіз-мектеп» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Арыс қаласында 6 мектепке 135 бейне-камера, Түркістан қаласында 6 мектепке 162-сі орнатылды. Бұдан басқа, Түркістан қаласындағы №13 Науаи атындағы мектепке демеуші есебінен бір IT класс және бір STEM панель қойылды. Түркістан қаласындағы №27 мектепте турникет орнатылып, оқушыларға арнайы идентификациялық карточкалар таратылды. Сондай-ақ, Е-кітапхана жүйесі пилоттық жобада енгізілуде», — деді Елнұр Рахымбердіұлы.


    Басқарманың ұйымдастыруымен биыл Түркістан және Кентау қалаларының 3-D модельдері құрылады және аэрофотосъемка жұмыстары толық аяқталмақ. Бұдан бөлек, қосымша салық түсімдерін арттыру мақсатында, цифрландыру құрылғыларының көмегімен арнайы алгоритм дайындалған.
    «Біздің есебіміз бойынша облыс бюджетіне қосымша 2 млрд. астам қаржы түсіруге мүмкіндік бар және облыстың салық базасын толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Шардара, Мақтаарал және Жетісай аудандарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге космо-мониторинг жұмыстары да жүргізілді», — деді басқарма басшысы.


    Бүгінгі таңда облыста 838 елді мекен бар. Оның ішінде 101 елді мекенде ұялы байланысқа мүлдем қол жетімсіз. Аталған мәселе бойынша облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы салалық Цифрлық даму министрлігімен тиісті жұмыстар жүргізіп, «Билайн» байланыс операторы жыл соңына дейін 82 елді мекенге ұялы байланыс арнасын енгізбек.


    Өткен жылы басқармамен қосымша 33 жаңа мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған. Нәтижесінде облыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 91,2%-ы электронды жүйеге еніп отыр.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.