Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»2375 өнім түрі зерттеліп, 200 өнімде сәйкессіздік анықталған
    Әлеумет

    2375 өнім түрі зерттеліп, 200 өнімде сәйкессіздік анықталған

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.03.2020356 Views

    Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізуді бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіп келеді. Өткен жылы департамент тарапынан 2375 өнім түрінің сынамалары зертханалық тексеруден өткізіліп, нәтижесінде оның 200-інің талапқа сай келмейтіні анықталды.
    Бұл жөнінде бүгін Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде «Кәсіпкерлік субъектілеріне барумен профилактикалық қадағалау және бақылауды жүргізу және ұйымдастыру, тағам және тағам емес өнімдердің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі бойынша сынамалар алу» тақырыбында өткен семинар барысында айтылды.


    Департамент басшысының орынбасары Д.Тагибаев тексеру барысында назар аударылуы тиіс негізгі міндеттерге тоқталып, семинарға қатысушылардың зерттеу барысында туындайтын мәселелерге қатысты пікірлерін тыңдады.
    Техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің басшысы Ж.Күздікбаева зертханалық зерттеуге алынған 1537 тағам өнімдері сынамаларының 6,2 пайызы,
    838 тұтыну бұйымдары сынамаларының 12,4 пайызы техникалық регламент талаптарына сәйкес еместігі анықталғанын атап өтті.


    Анықталған кемшіліктерді жою үшін өткен жылы 76 санитариялық ұйғарым беріліп, 23 әкімшілік құқық-бұзушылық іс қозғалған. Жалпы салынған 4 835 375 теңге айыппұлдың 934250 теңгесі соттың қаулысымен өндірілген. Сауда орындарынан техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін, жалпы құны 383799 тг құрайтын өнімдер жеткізіп берушілерге кері қайтарылған.
    «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Шымкент қалалық бөлімше бастығының орынбасары Б.Абуова, санитариялық-гигиеналық зертхана меңгерушісі А.Абдиева, бактериологиялық зертхана меңгерушісі Б.Искакова сынамаларды алу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптау бойынша сұрақтарға жауап беріп, тәртібін түсіндірді.


    Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Н.Бекмұратов өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде жоспардың орындалу барысы жөнінде баяндады.
    Жиын соңында қала және аудан департамент басшылары жұмысты жүйелеу мен жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын ортаға салып, мамандармен кеңесті.

    Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.