Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ЕЛБАСЫ СЕРБИЯ ПРЕЗИДЕНТІН І ДӘРЕЖЕЛІ «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ
    Жаңалықтар

    ЕЛБАСЫ СЕРБИЯ ПРЕЗИДЕНТІН І ДӘРЕЖЕЛІ «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.08.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен кездесті. Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

    0de517377f5a9f7e8b23067a9958a758

    Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Томислав Николич Сербия Президентінің Қазақстанға былтырғы сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтың іске асырылу барысын талқылады.

    Мемлекет басшысы Сербия еліміздің маңызды серіктесінің бірі болып саналатынын және бүгінде екі ел арасында түрлі экономикалық және саяси салалар бойынша толық өзара түсіністіктің орын алып отырғанын атап өтті.

    – Бүгінгі кездесуіміз Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Сербиямен дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 20 жылдығын атап өтетін кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл кездесу тауар айналымын ұлғайтуға, экономикалық және саяси ынтымақтастықты жандандыруға септігін тигізеді деп үміттенемін. Біз ауыл шаруашылығы, металлургия, құрылыс, медицина және фармацевтика салаларында ынтымақтасуға ниеттіміз. Қазақстан мен Сербияның экономикасы бір-бірін өзара толықтыра түседі. Серіктестік екі тарапқа да пайдасын тигізетін болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    e434001c421d07cbe7112275226ad486

    Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына дауыс беру және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайлау кезінде елімізді қолдағаны үшін Сербия көшбасшысына алғыс айтты.

    Сербия Президенті бүгінде Астана мен Белград түрлі саладағы өзара іс-қимыл үшін зор әлеуетке ие екендігін атап өтті.

    – Біз Сербия Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатысты бекем ұстанымыңыз, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміндегі біздің елдің мәдени нысандарын сақтау ісіне қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз, – деді Т.Николич.

    Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Сербия Президентін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

    Akorda.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.