Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»9 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
    Айғақ MEDIA

    9 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.03.2020231 Views

    ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

    9 наурызға барлығы 77 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «Б» санаты бойынша – 17 адам, 2-санат бойынша – 31 адам, 3-санат бойынша – 29 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 77 адамның ішінен 32 адам шығарылды.

    4084 адамға  мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «А» санаты бойынша – 1053,  1 «Б» санаты бойынша – 182,  2 санат бойынша – 2849 адам медициналық бақылауда болды. Барлығы 408 адам бақылаудан алынды. 9 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3676 адам бақылауда тұр.

    Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай

    Дүние жүзі бойынша 98 мемлекетте 29232  адам коронавирустық инфекция жұқтырды.

    708 науқас қайтыс болды:
    Италияда — 366
    Иранда — 194
    Оңтүстік Кореяда — 50
    Круиз лайнерде -7,
    Жапонияда — 7,
    АҚШ – 22,
    Францияда — 19,
    Испанияда – 17,
    Иракта — 6,

    Гонконгта — 3
    Филиппинде – 1,
    Таиландта – 1,
    Австралияда — 3,
    Сан-Маринода — 1,
    Ұлыбританияда — 3,

    Нидерландта – 3,

    Тайванда – 1,

    Аргентинада – 1,

    Египетте – 1,
    Швейцария — 2 адам.

    Инфекция жұқтырғандар саны күн сайын 16,0 пайызға, өлім-жітім – 2,4 пайызға артып отыр.

    Қауіптілігі жағынан 1 «А» санатына кіретін елдер:
    Оңтүстік Кореяда — 7313 адам індетке шалдыққан (тәулік ішінде + 272 жағдай, өсім 3,8%);
    Иранда – 6566 жағдай тіркелген (тәулігіне + 743, өсім – 12,7%).

    1 «Б» санатына кіретін елдер:
    Италияда — 7375 адам жұқтырған (тәулігіне + 1492, өсім – 25,3%);
    Жалпы, ҚХР 80 735 азамат инфекция жұқтырған (тәулігіне + 40).
    58600 адам жазылып шықты, стационарларда әлі 19016 науқас емделуде.

    Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.

    Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған. Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
    — қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
    — қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
    — адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
    — науқас адамдармен байланыста болмауға;
    — суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

    Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.