• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Мамыр 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентте 2016 жылғы тамыз педагогикалық кеңесі өтті

24.08.2016
0

«Жаңа оқу жылының бірінші күні қаладағы 129 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 164000-ға жуық оқушы Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан-Отаным менің» тақырыбындағы ерлік сағаттарын өткізеді». Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен өткен қалалық білім қызметкерлерінің 2016 жылғы тамыз педагогикалық кеңесінде айтылды. Конференция барысында білім саласына қатысты мәселелер талқыланып, жаңа оқу жылына міндеттер мен мақсаттар қойылады. 
2015-2016 оқу жылын жалпы 156767 оқушы аяқтаса, 2016-2017 жаңа оқу жылында 1-сыныпқа келетін оқушылар саны 21970 бала болып отыр. Бұл қаладағы өсім деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Айта кетерлігі, осы жылы шаһардағы 119 мектепке ағымдағы жөндеу, ал, 6 білім ұясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қаратөбе мен Ынтымақ шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 2 жаңа мектептің, 1 балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға дайын. Осы жылы қаламызда 7 үш ауысымды мектеп болса, 300 орындық екі жаңа ғимарат салу арқылы аталған мәселе оң шешімін тапқан,- дейді қаланың бас ұстазы Жанат Тажиева.

7c0f9aee-d4b4-46d4-8b3c-0fa3c41267a6 cdcd5ba9-2a94-407b-a397-1b5b10cfb5d7
Бүгінді таңда қала аумағында мектептері жоқ 6 елді мекендер бар екендігі анықталған. Индикативті жоспарға сай 2020 жылға дейін аталған аумақтарға мектептер салу жоспарлануда. Сонымен қатар, биыл қалалық білім мекемелерінде оқулық мәселесі толығымен шешіліп, қысқы жылумен қамту жұмыстары жүйелі пысықталған. 
Шымкенттегі жалпы мектепке дейінгі мекемелерде 50579 бала қамтылған. Ал, «Балапан» бағдарламасы бойынша 47079 бала қамтылып, ол 82,4 пайызды құрап, былтырғымен салыстырғанда жоғары болып отыр. Жасөскіндердің жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында қала бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы маусымда жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасының балаларын демалдыру мақсатында – 116 млн. теңге бөлініп, 4628 бала тегін жазғы лагерлерде демалды. Бұл игілікті шарамен қатар Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 29644 оқушыларға қолдау көрсетілетін болады. Оның ішінде, мемлекет есебінен 5000 баланың жеке есепшоттарына 12 000 теңгеден аударылса, қалған оқушыларға демеушілер есебінен көмек беріледі.
Қазақстанда алғаш болып, білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындауда ашықтық пен айқындық қағидаттарын орнықтыру мақсатында 2015 жылдың қазан айынан бастап, мектеп басшыларын тағайындау қала әкімінің төрағалығымен 5 жалпы орта мектеп директорлары және 3 балабақша меңгерушілері ашық түрде өткізілген конкурстар негізінде тағайындалды.
Дарынды және талантты оқушылармен іскерлік қарым-қатынас орнату мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі «Робототехника», «Нанотехнология» кабинеттерінде қала мектептерінің оқушыларына тәжірибе жүргізіліп келеді. 
Тамыз кеңесі іс-шарасында оқу жылының қорытындысы бойынша үздік деп танылған мектеп ұжымдары мен ұстаздар қауымы марапатталады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

БАХТЫБЕК ТАЛҚАМБАЕВТЫҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

БАХТЫБЕК ТАЛҚАМБАЕВТЫҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте арт-терапевт Бахтыбек Талқамбаевтің сурет көрмесі ашылды. Көрменің басты ерекшелігі — автордың «12 сиқырлы шаршы» атты тың жобасы. Аталған әдіс...

МҰХТАР ШАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

МҰХТАР ШАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өмірден өткелі 30 күннен асса да, ел жүрегіндегі орны бөлек....

МАУСЫМДЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫН БОЛЫҢЫЗ!

МАУСЫМДЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫН БОЛЫҢЫЗ!

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шаһарда шомылуға рұқсат етілген үш орын бар. Одан өзге жерде суға түскен азаматтарға әкімшілік шара қолданылады. Бұл туралы шомылу маусымындағы...

ҚАРАТАУЛЫҚТАР КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАҢАЛЫҚ

ҚАРАТАУЛЫҚТАР КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАҢАЛЫҚ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Қаратау ауданының тұрғындары көбіне ирригация мәселесімен бетпе-бет келеді. Жаңбыр жауса, көшеге су толып, жұрт әбігерге түсетін жағдай аз емес. Көп...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.