Биыл Шымкент қаласында барлық инвестиция көздерінен пайдалануға берілетін тұрғын үй ауданы 550 мың шаршы метрді құрап отыр. Мемлекеттік бюджет есебінен 77 тұрғын үйдің құрылысына 14,3 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде арендалық 38, кредиттік 39 тұрғын үй. Ал, ағымдағы жылы 32 баспана, яғни 2 мыңнан аса пәтер пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларға 258 пәтер, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 138 және жұмыс істейтін жастарға 900 пәтердің кілті тапсырылады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін Республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге қарастырылады.Нәтижесінде нарықтан жалпы саны 1296 пәтер сатып алынады.
Сонымен қатар, Тұран шағын ауданында 2023 жылға дейін 384 тұрғын үй бой көтермек. Оның ішінде, биыл 88 ғимараттың құрылысы басталады. Бүгінгі таңда, 42 үйдің мердігерлері анықталып, оның жиырмасында жұмыстар басталып отыр. Ал, 26 үйдің жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл туралы Шымкент қаласының әкіміне тиісті сала мамандары мәлімдеді. Құрылыс нысандарын аралаған қала басшысы құрылыстың сапасы мен мерзімінде пайдалануға берілуін міндеттеп, тұрғын үй мәселесіне баса назар аударатынын жеткізді.