Түркістан қаласы Жастар ресурстық орталығында Оразалы Сәбденнің қоғамдық дәрісі өтуде. Академик жастарға Абай ілімін іске асыру туралы ойларымен бөлісіп, білім мен тәлім беруде.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған басқосуда, Оразалы Сәбден ұлы тұлға мен қазақ елінің болашағын байланыстырып, мемлекеттің даму жолындағы басты бағыттарды да іліммен үндестірді. Әлемдік өркениеттің тарихи тұлғаларын тізімге алып, олардың қатарына Ұлы Абайды қосуды ниет еткен акадамик бұл бағытта жастардың белсенді болуы керектігін атап өтті.
Ол үшін еліміздің азаматтары Абай Құнанбаевтың еңбегін, шығармашылығын, өмір жолын білу тиіс. Одан бөлек жиында жаңа ғасырдағы жаңғырудың жолдары, экономика мен цифрлық жүйе, елдер арасындағы қарым-қатынас, ынтымақ пен бірлік жайында ой-пікірлер ортаға салынды.