• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Мамыр 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

1 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясының әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша күшейту шараларының төртінші кезеңі енгізілді

02.03.2020
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов пен сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Б. Қамалиев, Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов баяндады, — деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртаеов қазіргі таңда әлемде COVID-19 пневмониясымен 88 571 адам тіркелгенін және оның 1951-ы соңғы тәулік ішінде орын алғанын хабарлады. Күн сайынғы өсім қарқыны 2,25%-ды құрады.

Соның ішінде Қытай Халық Республикасында 80 174 адам ауруға шалдығып, 206-ы соңғы тәулік ішінде тіркелді (күн сайынғы өсім – 0,25%), 44 518 адам жазылып шықты (55%). Стационарларда әлі де 32 741 науқас ем алуда.

Бүгінгі таңда Қытайдан тыс елдерде 8 397 адамда коронавирустық инфекция расталды. Науқастардың көбі Оңтүстік Корея, Италия, Иран, Жапония елдерінде тіркелген және орта тәуліктік өсу қарқыны 30%-ды құрады.

«Денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың 6 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның (КВИ) әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша күшейтудің үш кезеңін іске асырды», — деді денсаулық сақтау министрі.

Бірінші кезеңде Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіліп, арнайы жаттығулар өткізілді. Бұдан өзге, ҚХР-дан келген адамдарға медициналық мониторинг қамтамасыз етілді. Жеке қорғану, сырқаттың алдын алу және емдеу құралдарының қажетті қорлары қалыптастырылды. Сонымен қатар халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды.

31 қаңтардан бастап күшейтудің 2-кезеңі басталды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес:

  • барлық шекаралардағы санитарлық-карантиндік пункттерге қосымша 150 санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы жіберілді;

  • жаңа инфекцияның зертханалық диагностикасы реттелді;

  • клиникалық емдеу хаттамасы және эпидемияға қарсы іс-шаралар алгоритмдері бекітілді.

20 ақпаннан бастап Министрлік инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша күшейтудің 3-кезеңін іске қосты.

«Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің деңгейіне байланысты елдерді үш санатқа саралау бойынша әдістеме әзірленіп, енгізілді. Қауіп деңгейіне байланысты, коронавирустық инфекция таралған елдерден келген адамдарға тиісті медициналық мониторинг орнатылды», — деді Е. Біртанов.

Тәулік бойы басқа мемлекеттердегі қауіп деңгейі бағалануда. Бақылау КВИ тіркелген жағдайлардың саны, аурушаңдық деңгейі, вирустың таралу қарқыны секілді бірқатар критерийлерден тұрады.

Биылғы 1 наурыздан бастап Министрлік күшейтудің төртінші сатысын енгізді. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен бірінші санаттағы елдер қатарына Қытай Халық Республикасымен қатар, Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Гонконг (ҚХР), Тайвань (ҚХР) және Макао (ҚХР) жатқызылды.

«ҚХР мен Ираннан келген азаматтар міндетті түрде 14 күндік карантинге жатқызылады және ауруханадан шыққаннан кейін қосымша 10 күн ішінде медициналық бақылауда болады», — деді денсаулық сақтау министрі.

Бірінші санаттағы қалған елдерден келген (Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Гонконг (ҚХР), Тайвань (ҚХР) және Макао) азаматтар 14 күнге тұрғылықты жері бойынша карантинге орналастырылады. Бірақ санитарлық қызметтің шешімі бойынша бұл адамдар медициналық ұйымдағы карантинге ауыстырылуы мүмкін.

Екінші санаттағы елдерден келген азаматтар 14 күн ішінде тұрғын жері бойынша медициналық бақылауда болады және қосымша 10 күн бойы қоңырау шалу арқылы қашықтықтан бақылау астында болады.

Үшінші санаттағы елдерден келген азаматтар 24 күн ішінде қоңырау шалу әдісімен қашықтан бақыланады.

Жергілікті атқарушы органдар сырттан келген барлық азаматарға мұқият мониторингті қамтамасыз етуі қажет.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында түбегейлі шаралар қабылдау тапсырмасын іске асыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция анықталып, таралған кездегі іс-қимыл алгоритмін әзірледі («Б жоспары»).

2020 жылдың 6 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық бақылауды күшейтіп, миллионнан астам адамды тексеріп қарады.

Бақылауға 30 мыңнан астам адам алынды. Бүгінгі күні инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты бақылаудан азаматтардың негізгі бөлігі шығарылды. 6 474 адам әлі де медициналық бақылау үстінде.

«6 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін дене қызуы көтеріліп, жедел респираторлық вирус инфекциясымен ауырған 186 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 166-і жазылып шықты. Қалған 20 адам стационарда ем алуда. Коронавирустық инфекция диагнозы расталмады, зертханалық зерттеу нәтижелері теріс», — деді Е. Біртанов.

Сырқаттардан алынған сынамалар Ресей, Қытай және отандық өндірістің тест-жүйелерімен зерттелді. Барлық тестілер Дүниежүзілің Денсаулық Сақтау Ұйымымен валидацияланды.

Қазіргі таңда барлығы 967 адам зертханалық тексеруден өтті, оның ішінде 544 адам Қытай Халық Республикасы (Пекин және Ухань) мен Жапониядан (Токио) келді, 423 адам коронавирус немесе науқастармен байланыста болды күдігімен ауруханаға жатқызылды.

Үкімет резервінен қаражат бөлінді. Коронавирустық инфекция анықталған жағдайда және коронавирус таралған елдерден келген адамдарды карантинге орналастыру мақсатында медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілді. Тест-жүйелердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың, сондай-ақ жеке қорғану құралдарының қорлары жасалды.

ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз кезегінде Сыртқы істер министрлігі жедел шараларды қабылдау мақсатында коронавирустық инфекцияның таралуына қатысты ахуалды ерекше бақылауда ұстап отырғанын айтты.

Мәселен, коронавирус инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық қаупі жоғары елдердегі шетелдік мекемелерімізде жедел штабтар құрылды, біздің азаматтарды эвакуациялау бойынша іс-әрекеттер алгоритмдері қабылданды және консультациялар беру мақсатында «жедел желілер» ашылды.

Бүгінгі таңда Қытайдан 480 қазақстандық эвакуацияланды. Қытаймен тұрақты әуерейстері, жаяу жүру бекеттері, темір жол/автомобиль жолаушы тасымалы тоқтатылды. 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап Қытайдағы барлық шетелдік азаматтарға виза беру тоқтатылды.

Биылғы 5 наурыздан бастап Әзербайжанмен әуе рейстері қысқарады және Иран азаматтарының Қазақстанға кіруіне тыйым салынады.

«Біздің азаматтарға эпидемиологиялық қаупі жоғары елдерге сапар шегуден қалыс қалу ұсынылды», — деді М. Тілеуберді.

Қолда бар мәліметтер бойынша, аталған елдерде 95 мыңнан астам азаматтарымыз бар, оның ішінде 35 мыңы Кореяда, 40 мыңы – Америка Құрама Шттатарында, 5100 – Біріккен Араб Әмірліктерінде, 5000 – Германияда, 3000 – Ұлыбританияда, 1800 – Италияда, 1000 – Францияда. Олардың басым бөлігі — студенттер, еңбек мигранттары, шетелдегі мекемелердің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, туристер мен бизнесмендер.

«Эпидемиологиялық ахуал ушыққан жағдайда, қазақстандық азаматтарды эвакуациялау мәселесі дер кезінде қарастырылатын болады. Бүгінгі таңда шетелдегі Қазақстан азаматтарының арасында коронавируспен ауырған жағдайлардың тіркелмегенін ерекше атап өткен жөн», — деді сыртқы істер министрі.

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық қаупі жоғары елдердегі ахуалға, сондай-ақ мемлекеттердің коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша шектеу шараларына мониторинг және талдау жүргізілуде.

Жасалған талдау көрсетіп отырғандай, шет елдер келесі шектеу шараларын қабылдауда:

  • халықаралық өткізу пункттерінде және әлеуметтік маңызы бар нысандарда санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту;

  • қаупі бар елдермен визалық режимді ішінара немесе толық тоқтату, тіпті мемлекеттік шекараны жабу;

  • авиациялық, теміржол және автомобильдік жолаушылар қатынастарын қысқарту және мүлдем тоқтату;

  • уақытша эпидемиологиялық орталықтар және госпитальдар салу;

  • қоғамдық-бұқаралық және халықаралық іс-шараларды тоқтату.

«Сонымен қатар, эпидемияның экономика мен жеке бизнеске теріс әсерін болдырмау бойынша шетелдік мемлекеттер алдын алу шаралар қабылдануда. Министрлік осы бағыттағы жұмысты жалғастырады», — деді М. Тілеуберді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Қамалиев коронавирустың таралуын алдын алу бойынша көлік саласында қабылданып жатқан бірқатар шаралар туралы айтып берді.

Мәселен, Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер (аптасына 34 рейс) 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап тоқтатылған.

2020 жылғы 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыттары бойынша тұрақты рейстердің саны аптасына 9-дан 3-ке дейін қысқарды.

«Mahan Air» әуе компаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстері биылғы 1 наурыздан бастап тоқтатылды (аптасына 1 рейс). Сондай-ақ осы жылдың 5 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан – Баку рейсі тоқтатылады. Алматы – Баку рейсі 5-тен 1 рейске, Ақтау – Баку рейсі 7 рейстен 1 рейске дейін қысқартылды. Нұр-Сұлтан – Токио әуе бағдары 2-ден 1 рейске дейін қысқартылды.

«Аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты, билеттері бар жолаушылар ағымдағы жылдың 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билет алған орны бойынша айыппұл санкцияларынсыз және толық көлемде қайтара алады», — деді Б. Қамалиев.

Жолаушылар тасымалы саласында осы жылдың 27 қаңтарынан бастап Қытай Халық Республикасымен барлық 13 тұрақты автобус бағыты тоқтатылды. Қазіргі уақытта тек шекараралық аймақтан уақытша сақтау қоймасына дейін жолда тәулігіне орта есеппен 20 автокөлік құралдарына дейін өткізуі жүргізіледі. 10 ақпаннан бастап Қытаймен шекарадан өтетін барлық жүргізушілер тұрғылықты жері бойынша дәрігерлердің бақылауында.

Қорытындылай келе, Б. Қамалиев коронавирусқа қатысты барлық мәселелер ҚР ДСМ-мен қатар, ҚР ИИДМ күнделікті бақылауына алынған.

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды қатаң бақылау мақсатында құрылған Үкіметтік ведомствоаралық комиссия тұрақты негізде жұмыс істейтінін атап өтті. Осы кезеңде 11 отырыс өткізілді, тиісті органдарға 100-ден астам тапсырма берілді. Бүгінгі таңда жоғары білікті медицина қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар Е. Тоғжанов өңір әкімдіктерінің назарын адамдар көп жиналатын жерлерде санитарлық дезинфекция жұмыстарын күшейту қажеттігіне аударды. Оның ішінде — оқу орындарында, діни нысандарда, сауда орындарында, әуежайларда, темір жол және автовокзалдарда. Бұл тізім қажеттілігіне қарай өзгеруі керек.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.