Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Қазақстан аумағы бойынша 2020 жылдың наурыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды
    Айғақ MEDIA

    Қазақстан аумағы бойынша 2020 жылдың наурыз айына арналған ауа райы болжамы жарияланды

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.02.2020398 Views

    Бірінші онкүндіктің басында солтүстік жартысында  температуралық фон түнде 5…10 аяз, шығыста кей жерлерде 15…20 дейін аяз, күндіз 5 аяз…5 жылы, оңтүстік өңірлерде — күндіз ауа 10…20 дейін жылынады,  — деп хабарлайды «ҚАЗГИДРОМЕТ»РМК баспасөз қызметі.

    Наурыздың басында және ортасында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың кей жерлерінде қатты, екпінді жел 15-25 м/с дейін, солтүстік өңірлерде бұрқасынмен жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жиі тұман, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Жауын-шашынмен қатар ауа температурасы төмендейді.

    Бірінші онкүндіктің соңында Кар теңізінен суық антициклонның басып кіруімен республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы төмендеп, термометр бағаны түнде 10…15, кей жерлерінде 20-25 аязға дейін, күндіз 5…13 аязға дейін, оңтүстікте түнде 2…12 аязға дейін, күндіз 0…8 жылыға дейін төмендеуі мүмкін.

    Қазақстанның батысында  бірінші онкүндіктің басында және ортасында жауын-шашын күтіледі, ауа температурасы түнде 0…8  аяздан  0…5 жылыға  дейін, күндіз 0…5 жылыдан 5…13 жылыға дейін өзгереді.

    Наурыз айында ауаның орташа айлық температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1°С  жоғары, оңтүстік — шығыс бөлігінде норма шамасында  (норма: солтүстік жартысында — 3…9 аяз, оңтүстік жартысында —  2 аяз…8 жылуды құрайды).

    Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан  көп, еліміздің  батыс бөлігінде норма шамасында болады деп болжануда (ҚР басым бөлігінде норма 10-25 мм, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс  тау және тау бөктерлі  аудандарында 30-90 мм.)

    Бір ай ішінде циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы жауын-шашынның жиі түсуіне және ауа температурасының өзгеруіне себепші болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.