Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Алғыс айту күні ерекше аталып өтті
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Алғыс айту күні ерекше аталып өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.02.2020421 Views

    Түркі халықтарының рухани орталығы Түркістан қаласының тарихи өлке, киелі мекен екені белгілі. Қай кезеңді алып қарасақ та, мұнда бірнеше ұлт өкілдері бірлік пен ынтымақтастықта күн кешіп келеді.
    Түркістан облысында 2 млн-нан астам тұрғын бар. Мұнда бірнеше этнос өкілдері тату-тәтті бейбіт күнді бастан кешіруде. Соның айқын дәлелі ретінде «Жеңіс» саябағында үлкен іс-шара өтті. 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиында облыс аумағында тұратын барлық ұлт өкілдерінің басы қосылып, қазақтың киіз үйі тігілді, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген этнос өкілдері қазақ жерін, әсіресе қасиетті топырақты қоныс еткендерін қуанышпен жеткізді.
    Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, барлық ұлт өкілдерінің біртұтастық пен келісімде бір ортаны мекен етуі ел іргесінің беріктігіне ықпал ететінін жеткізді.


    «Бүгінгі идеологиялық мәні зор іс-шарада осы өңірде өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдері бас қосып, қазақтың қарашаңырағы – қазақ үйді бірге құруға атсалысады. Өткенге — салауат, келешекке – аманат айта отырып, біз келер ұрпаққа үлкен үміт артуымыз керек. Ұрпақтар сабақтастығы, ұлттар арасындағы достық, еліміздің тыныштығы келер буынның еншісінде болмақ»,- деген облыс әкімінің орынбасары барлық ұлт өкілдерімен бірге киіз үйдің шаңырағын тіктеп, биікке көтерді.
    Одан кейін сөз алған шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Хусейн Дидсеев бұл мерекенің бірлік пен тұрақтылықты сақтаудағы маңызына тоқталып, Қазақ халқына өзінің айрықша алғысын жеткізді.


    Облыс басшысы Ө.Шөкеевтің бастамасымен жүзеге асып, қазіргі таңда үлкен қолдауға ие болған «Қамқорлық» бағдарламасы осы шарада да өз жалғасын тапты. Түркістан қаласында әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Олардың әрқайсысына жеке куратордан бекітіліп, алдағы уақытта да бақылаудан тыс қалдырмайтындығын жеткізді.
    Мерекелік шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері мен этнос өкілдері ұлттық тағамдардан дәм татып, этнос жастарының өнерін тамашалады.
    Айта кетейік, өңірімізде 11 этномәдени бірлестік пен олардың аудандық, қалалық 7 филиалы мен 14 өкілдегі жұмыс жүргізеді. Әр этностың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, мәдениеті мен тілін дәріптеу бағытында этномәдени бірлестіктер жанынан 4 жексенбілік мектеп пен 8 жастар қанаты әрекет етеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.