1-наурыз — Алғыс айту күні. Көктемнің алғашқы күні осындай ерекше мерекемен басталады. Бұл мерекені ең алғаш болып тойлаған Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қалалық филалы болды. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қатысуымен өткен шара барысы «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, дәліздегі көрмемен жалғасты. Көрмеден 130-дан астам этнос өкілдері тұратын Қазақстанның бірлігі мен ынтымағын бейнелейтін суреттер, бұйымдар қойылған. Және де әр ұлт өзінің мәдениетін, дәстүрін көрсететін ұлттық заттарын қойған. Бұл дегеніміз қазақ халқының салтын, мәдениетін құрметтей отырып, өз ұлтының тарихын да ұмытпау.
Мерекелік шара мұнымен аяқталмады, концерттік бағдарламамен жалғасты. Мұнда әр этнос өкілдері ұлттық ән мен биін биледі.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов құттықтау сөзге шығып, «бірлік пен татулығымыз жоғалмасын» деген тілегін білдіріп, барша шымкенттіктерге алғыс айтты.
Келген қонақтар мен барша көрерменнің жүзінен ерекше қуанышты көруге болады. «Алғыс айту» күні шынында да әр бір жанның жүрегіне жылулық пен мейірім сыйлағандай.