Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Биыл Түркістан облысында 670 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
    Айғақ MEDIA

    Биыл Түркістан облысында 670 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.02.2020755 Views

    Түркістан облысында былтыр 620,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол дегеніміз — 5879 пәтер. Ал биыл қаржыландырудың барлық көздері арқылы 670 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыруды жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Сонымен қатар, 2019 жылы 198 инвестициялық жоба іске асырылып, 100-і пайдалануға берілген. 98 нысан құрылысы 2020 жылға өтпелі. Өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында 111 нысан құрылысы жүрді. Атап айтқанда: 64 тұрғын үй, 24 кредиттік тұрғын үй, 23 инженерлік инфрақұрылым нысаны.
    «Басқарманың ағымдағы жылғы жоспары — 70 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, 117 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, оның ағымдағы жылы 81-і пайдалануға беру жоспарланса, 36 нысан құрылысы 2021 жылға өтпелі болады. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша 2020 жылы облыста 30 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 28 нысан пайдалануға тапсырылады. Облыс бойынша 2020 жылдың 1 қаңтардағы есебімен 37 084 отбасы тұрғын үй кезегіне тіркелген, оның ішінде: көпбалалы отбасы — 6522, осал топқа жататындар – 18 834», — деді Тоқтар Оразұлы.


    Түркістан қаласын дамыту бойынша ағымдағы жылы 2020 жылдың қыркүйек айында әкімшілік-іскерлік орталығында қалған 11 нысанның құрылысы пайдалануға тапсырылатын болады. Атап айтқанда, Басқармалар ғимараты; Департаменттер ғимараты; Конгресс орталығы;Медиаорталық; Нұр-Сұлтан алаңы; Оқушылар сарайы; Стадион; Цифрлық кеңсе; Бассейні бар спорт кешені; Смарт сити байланыс желілері; Қалалық саябақ атракционымен.


    Сонымен қатар, қазір Дендросаябақ, Бульвар, 900 орындық мектеп және 7 инженерлік инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Рухани-мәдени орталықта қалған 4 нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға тапсырылатын болады. Атап айтқанда: Драма театры; Ғылыми-әмбебап кітапханасы; Ұлы дала елі орталығы; Қ.А.Яссауи мұражайы. Сондай-ақ, «Ұлы Жібек жолы» қолөнер шеберлер орталығы, Тұңғыш Президент саябағы, Н.Назарбаев аллеясы (Арбат) және «Керуен сарай» кешенінің құрылысы жүргізілуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.