Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанның кірістер департаменті түсім бойынша республикада екінші орынды иемденді
    Айғақ MEDIA

    Түркістанның кірістер департаменті түсім бойынша республикада екінші орынды иемденді

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.02.2020508 Views

    Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер депарменті өткен жылы атқарған жұмыс қорытындысымен мемлекеттік бюджет жоспарын 101,2 пайызға орындап, бюджетке нақты 194 млрд 593 млн. түсім түсті. Департамент 2019 жылдың жұмыс қорытындысымен республика бойынша 2 орынды иеленді. Бұл туралы департамент басшысы Дулат Нұрмолдин мәлімдеді, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Сонымен қатар, республикалық бюджетке нақты 130 млрд. 442 млн.тг. өндіріліп, жоспардың орындалуы 107% құраған. Түсімдердің өсу қарқыны 2018 жылмен салыстырғанда 39 пайызға өскен.
    «2019 жылы Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 580 млрд 7 млн. АҚШ долларын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда, 2,7 млн. АҚШ долларына ұлғайған. Тауар айналымның өсуінің басым бөлігі — жеміс-жидектер және құрылыс материалдары. Облыс Өзбекстан мемлекетімен шекаралас орналасқан. Екі ел арасындағы сауда айналымын ұлғайтып, шекарадан өтетін жеке тұлғаларға қолайлы жағдайлар жасау бағытында «Қазығұрт», «Қапланбек», «Б.Қонысбаев», «Атамекен» кеден бекеттерін жаңғырту жүргізілуде», — деді Дулат Нұрахметұлы.
    Бұдан өзге, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін облыстың 16 мемлекеттік кірістер басқармаларында 18 ақпаратты қабылдау, өңдеу және беру орталықтары орналасқан. Департамент тарапынан 44 қызмет түрі көрсетіледі: салық қызметінде — 27, кеден қызметінде – 17.
    Айта кетерлігі, шекардан өту уақыты бойынша 2019 жылғы индикатор 57 минутты құраған. Орташа уақыты 35 минутқа жеткізілген.
    «Кедендік шекара арқылы заңсыз есірткі тасымалына қатысты «Қазығұрт» кеден бекетінде — 16 құқық бұзушылық, «Жібек Жолы» кеден бекетінде — 11, «Қапланбек» кеден бекетінде — 4, «Атамекен» кеден бекетінде — 1 дерек анықталды. Атап өтетін жағдай, «Жібек Жолы» кеден бекетінде жалпы салмағы 12 келі құрайтын «героин» және жалпы салмағы 3,522 келі «каннабис смоласын» ірі көлемде жасырын алып өту фактісі анықталды. Сонымен қатар, «Атамекен» кеден бекетінде жалпы салмағы 2 келі «героин» түріндегі есірткі заттарының кедендік бақылаудан тыс алып өту фактісі тіркеліп, құқық қорғау органдарына тиісті шара қолдану үшін жолданды. Сондай-ақ, жалған құжаттар дайындау, өткізу немесе пайдалану дерегімен заңсыз көлік тасымалдары да анықталды», — деді департмент басшысы.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.