• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

60 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 30 ЖОБА СҮЙЕМЕЛДЕУГЕ АЛЫНҒАН

27.02.2020
0

Бүгін қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» мақсатында қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің атқарған жұмыстары жайлы баспасөз брифингі өтті.

Спикерлер (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары және Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы — «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кенсесінің басшысы) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге, сондай-ақ лауазымды тұлғалар тарапынан әкімшілік кедергілерді жою арқылы іске асырылатын механизмдерге кеңінен тоқталды.

Бизнесті қорғау, қолайлы инвестициялық жағдай жасау және кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қысымдарды төмендету Агенттіктің басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Осыған байланысты кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасын іске асырылуда. Аталған жоба аясында мүдделі инвесторларға сыбайлас жемқорлық көріністерінен 100% қорғауға кепілдік беріледі.

Бүгінде қалалық Департаментпен жалпы сомасы 60 млрд. теңгеге жуық 30 жоба сүйемелдеуге алынған.

Өткен жылдың өзінде, бизнесті қорғау аясында 40 шақты шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің құқықтарын қалпына келтіруге қол жеткіздік, 9 лауазымды тұлға кәсіпкерлерге заңсыз қысым көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Жол құрылысы сапасын қамтамасыз ету және осы салада жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп «САПАЛЫ ЖОЛ» жобасы жүзеге асырылуда.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің міндеті қоғаммен бірлесіп жол құрылысына тұрақты мониторинг жүргізу, кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті актілер жасау және оларды өнім берушіге жіберу.

Осы жоба іске асырылған сәттен бастап (2019 жылғы маусым) 72 бұзушылық анықталды, оның 68-і мердігерлік ұйымдармен жойылды.

Анықтама: «Қорғас-Алматы-Шымкент» автомобиль жолының, Бадам өзені арқылы өтетін Оңтүстік айналма автожолы, Қазығұрт ауданында, Самал-3 мөлтек ауданындағы Мұғалжар және Жәнібек хан көшелерінің құрылысы сапасына мониторинг жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен «Еріктілер жылы» аясында «ADAL KÓMEK» ЖОБАСЫ іске қосылды.

Аталған жобаның мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Еріктілер ретінде Департамент қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, қоғам белсенділері тұрғындарға өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тұрақты түрде тегін кеңес береді.

Айта кетейік, кеңестер Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ғимаратында (Қазыбек би көшесі,3) апта сайын сенбі күні сағат 11-00-ден 13-00-ге дейін берілетін болады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ЖҮРЕК ОРТАЛЫҒЫНА — 25 ЖЫЛ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент жүрек орталығына – 25 жыл. Атаулы күнге орай орталықтың өз базасында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Перспективті кардиологиялық...

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкент қаласында №145 мектепте «Егемен ел – жарқын болашақ» тақырыбында «Прокурор сағаты» өтті. Шарада оқушыларға қылмыстың қауіптілігі, қылмыстық жауапкершілік пен...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ШЫМКЕНТ БАРЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ.

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкентте қазақ күресінің байрағы тағы да биікке көтерілді. Аса ауыр салмақтағы балуандар арасында дәстүрлі, 13-рет ұйымдастырылып жатқан «Шымкент барысы» турнирі...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Шымкентте Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы бойынша жиын...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

КАРАТЭШІЛЕР ЕЛ НАМЫСЫН АСҚАҚТАТТЫ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

Қытайдың Шаогуань қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында шымкенттік спортшылар шеберлігін дәлелдеді. Байрақты бәсекеде олар ел намысын асқақтатып, 1 алтын...

27 МЫҢ БҮЛДІРШІН МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ КҮНІ

Айғақ медиа
16.09.2025
0

9 қыркүйек — Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ күні. Осыған орай Шымкентте ұлттық ойынға арналған спорттық  дода өтті. Бұл бәсекеге спорт басқармасына қарасты...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.