Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысы мен Өзбекстан арасында сауда-саттық қатынасы артты
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысы мен Өзбекстан арасында сауда-саттық қатынасы артты

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.02.2020252 Views

    Өзбекстан Республикасының Ургенч қаласында Үкімет басшыларының қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы аймақтық бизнестің ынтымақтастығы» тақырыбында Өзбекстан мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығының 2-ші форумы өтіп жатыр, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда қатынастарын одан әрі дамыту мақсатында жалпы сомасы 50 млн. АҚШ долларын құрайтын 3 экспорттық келісімшартқа қол қойылды. 

    Жақын күндері әкімдіктің қолдауымен Түркістан облысынан Өзбекстан Республикасына трансформатор жабдықтарын, күркетауық еті мен тоңдырылған сиыр етін жеткізу басталады.

    Форум аясында екі елдің жетекші кәсіпорындарының көрмесі өтіп жатыр. Онда Түркістан облысының кәсіпкерлері форум қатысушыларын өз өнімдерімен жан-жақты таныстыруда. Туристік компаниялар өз кезегінде туристік жарнамалық материалдарын қойып, оңтүстік өңірінің туристік әлеуетін насихаттауға мүмкіндік алды. Бұл шара көрші елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастық қарқынын арттыра түсуге ықпал етері сөзсіз.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.