Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазақ тіліне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ — Дариға Назарбаева үш тілде білім беру жайлы
    Жаңалықтар

    Қазақ тіліне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ — Дариға Назарбаева үш тілде білім беру жайлы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.08.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақ тіліне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы ҚР вице-премьер-министрі Дариға Назарбаева тамыз жиналысы барысында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    «Қазақ тіліне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Керісінше, тек бір пән қазақ тілінде өтіп жүрген орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілде білім беруді жетілдіру жоспарланып отыр. ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тілді үйренуге бағытталған жаңа әрі жеңілдетілген әдістемені жасап жатыр. Мен білім берудің бұл әдісі сәтті болатынына сенемін. Пәндерді оқытқанда бізге тіл неге керек? Егер ол тілді күнделікті қолданбасаң, тез ұмытып кетесің», — деді Дариға Назарбаева.

    Вице-премьер-министрдің айтуынша, бұл пікірталаста көптеген түсініспеушілік бар. Сондықтан түрлі қауесеттер тарап жатыр екен. «Үш тілде білім беру жүйесі кезең-кезеңмен енгізіледі. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда үш тілде білім беру жүйесі жұмыс істейді. Осыған байланысты мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары арасында түсіндірме жұмыстарын әрі қарай да жүргізу қажет. Бұл жұмыстармен айналысуға бізде әлі екі жылдан аса уақыт бар. Екі жыл ішінде біз мұғалімдерді осы жүйеге дайындау үшін қолдан келетін және келмейтін барлық жұмысты істейміз», — деді вице-премьер-министр.

    Сонымен қатар, ол бүгінде мұғалімдердің белсенділік танытып жатқанын айтты. 5 мыңнан аса мұғалім жұмыс орны мен жалақысын сақтай отырып, 4-9 айлық курстарға жазылған екен. «Біздегі жоғары оқу орындарында да ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы енгізіліп жатыр. 2018 жылға қарай мұғалімдердің үш тілді білім беруге дайындығын бағалап, сарапшылардың қойған бағасына сәйкес, қорытынды шешім шығарамыз. Сондықтан уайымдауға ешқандай себеп жоқ», — деді Дариға Назарбаева.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.