Астана-Алматы және Алматы-Шымкент бағытында екінші «Тальго» маршрутын қараша-желтоқсанда іске қосу жоспарлануда, деп мәлім етті «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Нұрдәулет Қилыбай.
«2016 жыл соңына дейін біз Астана-Алматы және Алматы-Шымкент бағытында екінші «Тальго» маршрутын іске қоспақшымыз. Осы бағыттармен тәулігіне екі рет «Тальго» жүретін болады. Айталық, біреуі таңертең шығып, кешке баратын болса, екіншісі — кешкісін шығып, таңертең барады. Ол басқа да өркениетті елдердегідей болады. Біз оны қараша-желтоқсанға жоспарлап отырмыз», — деді бейсенбі күні Н. Қилыбай журналистерге.
Оның айтуынша, компанияның «Талгодан» көріп отырған кіріс үлесі 20%-дай және ол өсіп келеді.