Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтардың Интернетте қанша ақша жұмсағанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Былтырдың өзінде Қазақстандағы электрон-сауда көлемі 1,8 есеге өсіп, 700 миллиард теңгеден асты. Ішкі нарық та жақсы дамып жатыр. Қазақстандық интернет-дүкендердегі сауда-саттық 422 миллиард теңгеге жетті. Сондай-ақ, 40,5 миллион тауар жіберілген», — деді министр.
Сұлтановтың айтуынша, былтыр Қазақстанда Интернетте сауда жасағандардың саны 72 пайызға артып, 3,2 миллион адамға жетті.