Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
    Әлеумет

    Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.02.2020194 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды. 

    Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, пошта инфрақұрылымының жай-күйі туралы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы С. Сәрсенов, цифрлық кеңістікте жағдай жасау туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев баяндады.

    Қазақстанның электрондық сауда нарығы 2019 жылы 1,8 есеге артып, 700 млрд теңгеден асты. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауда үлесі 2018 жылғы 2,9%-дан 2019 жылы 3,7%-ға дейін өсті. Қазақстандық интернет-дүкендердегі сатып алу көлемі 422 млрд теңгені, халықаралық интернет-алаңдарда 280 млрд теңгені құрады. Аса танымал тауарлар —  аксессуарлар мен техника (35%), косметика (30%), үйге арналған тауарлар (15%), киім және аяқ киім (10%).

    2019 жылы Қазақстанда 3,2 млн белсенді онлайн-сатып алушы тіркелді (2018 жылы – 2,3 млн адам). Елімізде 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді, оның ішінде табыс салығын төлеуден босату түрінде салық жеңілдіктерін алу үшін барлығы 579 интернет-дүкен тіркелген.

    2019 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,3 есеге артып, шамамен 14,4 трлн теңгені құрады (2018 жылы – 6,4 трлн тг). Өсім сауда POS-терминалдары инфрақұрылымының дамуымен, Қазақстан нарығына Apple Pay және Samsung Pay-дің шығуымен, банктердің бонустар мен кэшбектер арқылы клиенттерді ынталандыруымен, сондай-ақ қоғамдық көліктің барлық түрлерінде қолма-қол ақшасыз төлемді белсенді пайдаланумен байланысты.

    2019 жылы электрондық саудада 36,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Электронды сауда арқылы қазақстандық тауарлардың экспорты $5 млн жетті. АХҚО-да тіркелген Wildberries халықаралық компаниясының платформасында 21 қазақстандық компания ЕАЭО елдерінде 594 тауар түрін сатады. Таяу келешекте өткізу аумағы ЕО елдеріне кеңейеді.

    «Е-коммерцияның қарқынды дамуына байланысты жаңа мамандықтар ашылып жатыр, жұмыс орындарының саны өсуде. Сондықтан Қазақстанның ірі қалаларында е-commerce орталықтарының базасында оқытуды кеңейту керек», — деді А. Мамин.

    Үкімет басшысы бір апта мерзім ішінде өткен жылы қабылданған Электрондық коммерцияны дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасын жандандыруды тапсырды.

    primeminister.kz сайтынан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.