Мақсат – ата-аналарды білім саласындағы озық трендтерімен, құндылықтарға негізделген білім беру әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру және педагогикалық, психологиялық сауаттылығын және мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру. Сондай-ақ, қоғам назарын білім саласына аудару, педагог мәртебесін көтеру, азаматтарды өз ұстаздарын сыйлау мен қолдау көрсетуге үндеу. Ауқымды шараға 400-ден астам ата-аналар қатысты.
Облыстың бас ұстазы бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту үшін, өңірдің барлық білім ұяларында рухани-адамгершілік тәрбиенің дамуына тікелей ықпал ететін шаралар жайлы атап өтті.
