Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанда 400-ден астам ата-ана бас қосты
    Айғақ MEDIA

    Түркістанда 400-ден астам ата-ана бас қосты

    Айғақ медиаАйғақ медиа17.02.2020332 Views

    «Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» тақыбыры Түркістан қаласында өткен республикалық ата-аналар форумына негіз болды. Маңызды мәселені талқылауға Қызылорда, Тараз, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының ата-аналары, қамқоршылық кеңесінің төрағалары, кәсіподақ кеңесінің мүшелері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жастар ұйымының мүшелері атсалысты,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Мақсат –  ата-аналарды білім саласындағы озық трендтерімен, құндылықтарға негізделген білім беру әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру және педагогикалық, психологиялық сауаттылығын және мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру. Сондай-ақ, қоғам назарын білім саласына аудару, педагог мәртебесін көтеру, азаматтарды өз ұстаздарын сыйлау мен қолдау көрсетуге үндеу. Ауқымды шараға 400-ден астам ата-аналар қатысты.

    «Әсіресе отбасында көп көңіл бөлінбейтін балалар жылулықты сырттан іздей бастайды. Олардың арасында түрлі оқиғаларға тап болып, тығырықтан шыға алмай қалатыны болады. Осыдан бала бойында қатігездік қасиет, ал ата-аналарда тәрбиеге көнбейтін бала деген ұғым қалыптасады. Балаларымыздың жаны мен тәні аман болсын десек, бірлесе жұмылған жөн. Ата-ананың бала тәрбиесіне деген көзқарасы мен олармен қарым-қатынасы қалыпты болуы керек»,-деді жиын барысында Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев.Облыстың бас ұстазы бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту үшін, өңірдің барлық білім ұяларында рухани-адамгершілік тәрбиенің дамуына тікелей ықпал ететін шаралар жайлы атап өтті.

    Отбасылық тәрбиені, әсіресе, әкелермен жұмысты нығайту бойынша былтыр «Әкелер мектебі» ашылды. Аудандық, қалалық білім беру ұйымдарында 800 ардагерлер, 900 әкелер, 709 тәлімгерлер кеңесі жұмыс жасайды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.