Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен кездесті
    Бас ақпарат

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.02.2020222 Views

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенге жасаған жұмыс сапары барысында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді.

    Кездесуде мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистика, энергетика, коммуникация, ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ықпалдастық жайында әңгімелесті. Тараптар Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындау туралы конвенцияға қол қойылғаннан кейін теңіз арқылы шектесетін елдердің өзара ынтымақтастығы арта түскенін айтты. Сонымен қатар олар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

    – Әзербайжан – Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы және Каспий аймағындағы негізгі серіктестерінің бірі. Екі ел арасында берік ынтымақтастық және барлық сала бойынша ықпалдастық орнады. Бұл қарым-қатынастардың негізін біздің көшбасшыларымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен Гейдар Әлиев қалады. Қазақстан Әзербайжанмен арадағы байланыстарды жоғары бағалайды, – деді Қазақстан Президенті.

    Ильхам Әлиев Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынастарына оң баға беріп, екі ел арасындағы тауар айналымының артып келе жатқанын атап өтті.

    – Мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты байланыс жоғары деңгейде дамып келеді. Бауырластыққа және достыққа негізделген ынтымақтастығымыз одан әрі нығая береді деп сенемін, – деді Ильхам Әлиев.

    Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.