Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Дотациялы Бәйдібек ауданы бюджетін көбейтті
    Әлеумет

    Дотациялы Бәйдібек ауданы бюджетін көбейтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.02.2020Updated:13.02.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бәйдібек ауданынан шыққан тұлғалардың ішінде ел басқарған басшылар аз емес. Әкім де, министр де болды. Мүмкін қатпар-қатпар қалың тарихы бар Қаратаудың қасиеті қайраткерлерге қанат бітірген болар. Қала берді Бәйдібек баба мен Домалақ ана жатқан аймақ. Осы мекенді басқарып отырған Бақытбек Танагөзов өткен 2019 жылды қортындылады. Дотациялы ауданның бюджетті 16,5 миллиардқа жетіп, ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту бойынша облыс көлемінде «озат аудан» атанған.

    Жазушы Мұхтар Әуезов «Шаянға барсаң әншімін деме» деп баға берген Бәйдібек ауданы өнермен өрісі кеңейген жер. Бірақ, халқының әлеуметтік жағдайы Түркістан облысындағы өзге аудандармен салыстырғанда кенжелеп келді. Өйткені, айтарлықтай кәсіпорын жоқ болғандықтан жұмыс көзі де тапшы. Осыған қарамастан жергілікті тұрғындарының пейілі дархан даладай. Мұны арыз-шағымы аз тұсынан-ақ байқауға болады. Есептік кездесуге жиналғандардың жүзіне қарасаңыз мерекелік кешке келгендей шаттанып жүр. Емен-жарқын, арқа-жарқа отырып аудан әкімінің өткен жылы атқарған шаруасына құлақ түрді.

    55 мың халқы бар берекелі Бәйдібектің орталығы шежірелі Шаян табиғи газбен толық қамтамасыз етілді. Енді шалғайда жатқан елді мекендеріне көгілдір отын тартылу үшін жұмыстар жүріп жатыр. Ауданның тағы бір күрделі мәселесі – таза су. 52 елді мекеннің 41-не орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. Бірақ, кейбір ауылға келіп тұрған таза судың шарапатын тұрғындар дұрыс көреалмай отыр. Құрылысты жүргізген мердігер мекемелердің жауапсыздығынан бәз-баяғы құдықтан су ішіп жүргендер бар. Осындай мәселелерді 2020 жылы шешу басты жоспарда.

    Бәйдібек ауданын тарихында талай басшы тізгіндеген. Ал, Бақытбек Танагөзов он үшінші әкім. 2016 жылдың қазан айынан бері ауданды басқарып келе жатқан азамат биылғы жылдың мамыр айында зейнетке шығады. Созақ ауданының тумасы экономист мамандығын игеріп, комсомол партия комитетінде ысылған басшы. Сайрам, Түлкібас аудандарында әкімнің орынбасары болған. Мемлекеттік қызметте абройына нұқсан келмеген Бақытбек Төленұлы туралы Бәйдібек ауданына барып біреу-міреуден сұрай қалсаңыз көркем мінезін айтады. Қарапайым азаматтың есептік кездесуінен сабырлықты байқадық. Қойылып жатқан сұрақтарды байыппен тыңдап, жауабын терең талдап айтты.

    Бәйдібек ауданында 887 шақырым жол бар. Өткен жылы ауданнан шығатын күре жолдарға Шолаққорған, Бәйдібек ата, Боралдай бағытындағы трассалар жөндеуден өтті. Ал, биылғы жылы Шаян мен Екпінді бағытындағы жол аяқталып, елді мекендердің ішкі көшелері жаңарады деп күтілуде.

    49 білім беру мекемесі бар Бәйдібекте үш аусымда оқитын немесе апаттық жағдайдағы мектептер жоқ. Әлеуметтік нысандардың саны жылдан-жылға жаңарып келеді. Мәселенің азайып жатқанын есептік кездесуден аңғардық. Әкімге қойылар сұрақтар саны өте аз болды. Бұрын екі-үш сағатқа созылатын жиналыс бар-жоғы бір сағаттың көлемінде бітті. Сөзге шешен, сыйлы қария бата беріп, жиын соңында бір-біріне жақсылық, береке, сәттілік тілеп тарқасты.

    Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.