Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Түркістан облыстық әкімдігі Италиялық «ARM WIND» (ENI) компаниясымен іскерлік байланыс орнатты
    Әлеумет

    Түркістан облыстық әкімдігі Италиялық «ARM WIND» (ENI) компаниясымен іскерлік байланыс орнатты

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.02.2020475 Views

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев баламалы энергия көздерімен айналысатын «Arm Wind» (ENI) халықаралық энергетикалық компания басшылығымен кездесті. Экологиялық мәселелерді әрдайым назарда ұстайтын өңір басшысы облыста бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Елімізде көмірқышқыл газдың шығарылуын төмендетудің маңыздылығы мен Түркістан өңірінің жел және күн энергиясын пайдаланудағы әлеуеті зор екендігін хабарлады. Және жасыл экономика мен бизнес климатты жақсарту сынды салаларды бірлесіп дамытуға шақырды.

    «Біз Түркістан облысын дамытуға қатысты барлық бастамаларға қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс істеуге әзірміз. Осында өкілдік ашып, басқа да ұсыныстарыңыз болса құп көрер едік. Әлемдік нарықта мүмкіндіктеріңіз орасан. Алдағы уақытта екі жаққа да тиімді әрі табысты жұмыс жүргізуге дайынбыз», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

    Мұнай, газ, электр энергиясын барлау, өндіру, тасымалдау, өңдеу және өткізу саласында белсенді дамып келе жатқан біріктірілген алпауыт компания Түркістан өңірінде жаңашылдық заман талабына сай технологияларды қолданатын ең тиімді жолдарын жүзеге асырмақ. Түркістан өңірінің нарығына енген ENI компаниясының басшылығы мұндай жобаларды жүзеге асыру энергияны пайдалану жүйесін жетілдіруге сеп болатынын айтып өтті. Бұл өз кезегінде, қоршаған ортаны ластамай, электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді.

    Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен ENI Орта Азия өңіріндегі атқарушы Вице-президенті Лука Виньяти өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

    Түркістан облысында парниктік газдар мен басқа да ластаушы заттардың шығарындыларын азайту үшін жасыл технологиялар мен «таза» энергетиканы дамытуда. Климаттық тәуекелдерді түсіну жаңартылатын энергия көздерінің дамуына маңызды қадам жасауға мүмкіндік берді. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы мен ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша инвесторлар үшін жағдайлар жасалды.

    Былтыр Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының маңында жер телімінің ауданы 100 Га жерде 50 МВт күн электр стансасы үшін алғашқы жобалық аукцион өткізілді. Оған Қазақстан, Германия, Италия, Қытай, Нидерланды және Ресейсияқты 6 елден 7 компания қатысып, «Arm Wind» ЖШС компаниясы атанған болатын.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.