Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоқ
    Әлеумет

    Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоқ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.02.2020Updated:11.02.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Күнделікті мониторинг қорытындысына сай, аумаққа келетін қауіп-қатер жоқ, деп нақты айтуға болады. Облыстағы су тасқынының алдын алу және оның келеңсіз салдарын азайту мақсатында жасалып жатқан жұмыстар және өзге де маңызды мәселелер Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен апталық лездеме отырысында талқыланды. Оған аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.

    Дегенмен, мамандар Шардара ауданы Сүткент елді мекеніндегі Сырдария өзені жағасындағы қорғаныс дамбасы 2017 жылы өткен тасқын судан шайылғаны жайлы дабыл қағуда. Қауіптің алдын алу үшін дамбаны қалпына келтіру қажет, делінді басқосуда. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылатын болды. Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы жауапты сала жетекшілеріне суармалы су тапшылығының алдын алуды тапсырды.

    2020 жылдың қазан айында ел тарихында үшінші мәрте жалпыұлттық халық санағы өтеді. 1-30 қазан аралығына жоспарланған ауқымды шараның біраз ерекшелігі болғалы тұр. Биыл өтетін науқандық жұмысқа заманауи ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылмақ. Мәселен, ең алдымен, қазақстандықтарға интернет арқылы дербес деректерін өз бетінше ендіру және барлық сұрақтарға жауап беріп, белгі соғу мүмкіндігі ұсынылады. Аралап, сұрау жүргізу, деректерді тіркеу үшін бүкіл өңірлерге арнайы дайындықтан өткен 30 мың маман аттанады. Маңызды науқанға дайындық Түркістан облысында да тиісті деңгейде жүруде.

    Көмекке мұқтаж жандарға демеу болған «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы халықтың ризашылығына бөленіп үлгерді. Жан-жақты көмек көрсетуді көздеген ауқымды шара аясында 7 мыңға жуық адам, не 1643 отбасы қамтылмақ. Аудан, ауыл әкімдері, депутаттар мен кәсіпкерлер және белсенділер оларға тәлімгер ретінде бекітілді. Тұрмыс тауқыметін тартқан жандар өздеріне қаржылай, азық-түлік пен заттай көмек көрсетуді сұраған. Осы уақыттың ішінде «Қамқорлық» аясында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы мен жергілікті әкімдіктердің және демеушілердің жұмылуымен 20-дан астам отбасы баспаналы болып, үйлері жөнделуде.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

    06.11.2026

    БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    06.11.2026

    ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

    05.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.