• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қазан 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Арыс қаласының «Құрметті азаматы» дүниеден озды

08.02.2020
0

Арыс қаласының «Құрметті азаматы» Әбдіәшім Байбосынов өмірден өтті. Өнегелі өмір сүріп, ғибратты сөздерімен үлгі болған өнерпаз қария 93 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Әуесқой сазгер Әбдіәшім Байбосыновтың алтынға айырбастамас бақыты — ұл-қыздары мен немере-шөберелері болатын. 11 перзент тәрбиелеп өсірген ақсақалды ұрпағы қаумалап, әрқайсысы өз шаңырағына алып кетіп, бәйек болып жүретін. Міне, бақыт.

«Алланың разылығы, ата-ананың разылығында» деген сөздің түп-төркінін түсінген адамға, терең мағына бар. Балалық шағы азалы жылдардың ашаршылық кезеңіне тура келгендіктен, Әбдіәшім ақсақал қиындыққа мойымаған, жігері жасымаған қайсар жан болды.

Әбдіәшім Байбосынұлының өмірбаяны туралы сөз қозғар болсақ, әңгіменің басы 1928 жылдан басталады. Дәл осы жылдың 1-шілдесі күні Арыс ауданына қарасты Оңтоғар бөлімшесінде дүниеге келген. Арыста орта білім, Алматыда жоғарғы білімді игергеннен кейін ұстаздық жолды таңдайды. Ілгеріде Арыс ауданы, қазір Ордабасыға қараған «Ақжол», «Жамбыл», «Сталин», «Ленин ту» бөлімшелеріндегі білім ордаларында мұғалім болып қызмет атқарды. Кітапханада меңгеруші, совхозда маман, партия ұйымында хатшысы, кәсіподақта төраға болып жұмыс істеген Әбдіәшім қария қай қызметте жүрсе де, ән айтуды ешқашан доғармапты.

Өнегелі өмір сүріп, өз ортасында сыйлы болып жүрген ел ағалары қаншама?! Қай өңірде де ойы жүйелі, сөзі киелі қариялар бар. Солардың қатарынан орын алатын Байбосынов Әбдіәшімнің өтірікке жаны қас. Жалған сөйлегеннің бетін тіліп түсетін туралығын, жерлестері жақсы біледі. Жасынан әкесіз өсіп, өмірдің ащы запыранын татса да, жасымаған адам. Сондықтан болар 1990-2005 жылдары «ауыл биі» қоғамдық қызметін атқарып жүрген жылдарда дауды тоқтатып, дана шешімімен талай жұртты татуластырған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білген ақсақал әдемі өмір сүрудің сыры — өнерді шексіз сүйгенім деп кетті.

«Тәттімбет күй тартқанда, астындағы аты күйіне билеген. Құрманғазы күй тартқанда, қасқыр жүрісінен жаңылған» — деген сөз бар қазақта. Ал, Әбдіәшім ата қара домбыраны шерткенде бар дүниені ұмытып, тынысыңыз кеңейіп рухтанасыз. Жаны жайсаң жан еді. Ел ағасы, Арыс қаласының «Құрметті азаматы» Әбдіәшім Байбосыновтың жатқан жері  жарық, топырағы торқа болсын!

Марқұмның жаназасы Ордабасы ауданына қарасты Сарыарқа ауылында 9-ақпан күні сағат 11-де өз шаңырағында өтеді.

«Айғақ-Ақпарат»

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды.  Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

19 КӘСІПОРЫНҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері бақылауға алынып, заң талаптарының сақталуы жіті тексерілуде. Биыл тоғыз айда 37 тексеру жүргізіліп, анықталған заңбұзушылықтар...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМ ТЕКСЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкентте кәсіпорындардан шығатын жағымсыз иіске қатысты тұрғындар шағымы назарға алынды. Қала әкімінің көшпелі кездесуінде көтерілген мәселені зерделеу үшін арнайы комиссия...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

БОЗАРЫҚТАҒЫ ЖАҢА БАСПАНА

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Бозарық шағынауданындағы жаңа баспаналар тұрғындарға табысталды. Осылайша мегаполисте  тағы 30 отбасы көптен күткен пәтер кілттеріне ие болды. Үйлір болғандардың қатарында...

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ВЕНГРИЯЛЫҚТАР ДЕНДРОСАЯБАҚҚА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Шымкент пен Дебрецен қаласы арасындағы бауырластық байланыс игі іспен жалғасты. Ресми сапар аясында Венгриялық делегацияның өкілдері дендросаябақта ағаш көшеттерін отырғызды....

ӘСКЕРИ АНТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

АҒАЙЫНДЫ ЧЕМПИОНДАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
13.10.2026
0

Он екі жылдық үзілістен кейін қазақ боксы Азия ойындарының алтынына қайта қол жеткізді. Бұл жолы тарихи жеңісті Шымкенттік боксшы Төрехан...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.