Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
    Айғақ MEDIA

    Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.02.2020251 Views

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.

    ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев 2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 18,7 млрд теңге бөлінгенін, ол толығымен игерілгенін мәлімдеді.

    2018-2019 жылдары цифрландыру бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар 802,5 млрд теңге көлемінде экономикалық тиімділік әкелді, инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды және іргелес салаларды ескере отырып, 120 мың жұмыс орны құрылды.

    «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев цифрландыруға ерекше көңіл бөледі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы цифрландыру саласындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытты нақты түпкілікті нәтижеге қол жеткізумен жеделдетуді тапсырды», — деді А. Мамин.

    Премьер-Министр 2019 жылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жоспарының орындалмауына ішкі істер, денсаулық сақтау, индустрия, ұлттық экономика және қорғаныс министрліктері жол бергенін атап өтті.

    «Бұл жұмысты ерекше бақылауға алып, оны 1 наурызға дейін аяқтау қажет. Барлық мемлекеттік органдардың басшылары ақпараттық жүйелердің уақытылы бірігуі мен олардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін дербес жауапты орынбасарды бекітуі тиіс», — деді А. Мамин.

    Премьер-Министр биыл мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың 90% деңгейіне жетуді тапсырды. Мемлекеттік органдар қысқа мерзім ішінде мемлекеттік қызметтер тізіліміне қажетті өзгерістерді, оның ішінде 20 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша өзгерістерді пысықтап, енгізуі қажет.

    Үкімет басшысы халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмысының ұзаққа созылып кеткенін атап өтті.

    «Nur Otan» партиясының 250 адамнан асатын халқы бар елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын іске асыру аясында байланыс операторларымен жұмыс кестесі әлі күнге дейін бекітілмеген. Партия өкілдері мен Парламент депутаттары тарапынан бұл мәселе бойынша сын да айтылды», — деп А. Мамин, аталған мәселені бір апта мерзім ішінде шешуді тапсырды.

    Премьер-Министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, үздік халықаралық тәжірибелерді пайдалана отырып, АT-мамандарын сапалы даярлау жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.