Облыстық жедел-жәрдем қызметкерлерінің саны артты. 317 үміткер қатысқан сыннан сүрінбей конкурстан өткендер саны 279 маманды құрап отыр. Олардың арасында көпбалалы отбасыдан шыққан және ата-аналары мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Ағымдағы жыл халқымыздық денсаулығының жақсаруы үшін жағымды жаңалықтарға толы басталды. Міндетті медициналық сақтандыру, Жедел-жәрдем қызметкерлеріне берілген көліктер міне тағы алғашқы көмек көрсетушілердің санның артуы.
Облысымыздың барлық аудандарынан үміткер қатысқан конкурстың нәтижесі жарияланып 300-ге жуық маман жұмыспен қамтылды.
Өңірде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау басты назарда. Оған дәлел, конкурс жеңімпаздарының қатарында көпбалалы отбасыдан шыққан 86 және ата-аналарының мүмкіндігі шектеулі 17 жас маманның жұмысқа қабылдануы.
Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың қадағалауымен өткізілген конкурстың комиссия құрамында облыстық мәслихат депутаты, БАҚ өкілдері мен кәсіподақ мүшелері болды. Өңірдің барша аудан-қалаларындағы жедел жәрдем стансаларында жұмыс істеуге 318 үміткер ниет білдіріп, олар бірнеше сыннан өтті. Жас мамандар комиссия мүшелеріне өздерінің теориялық білімдері мен алғашқы медициналық көмек берудің тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Әрбір қатысушы сұрақтарға жауап беріп, тәжірибелік ептіліктерін байқатты. Үміткерлердің қатарында көпбалалы отбасыдан шыққан 86 және ата-аналары мүмкіндігі шектеулі 17 жас болды. Жұмысқа тұрған жастардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар бар.
Бұдан бөлек, медициналық емес зертхана мамандарының айлық жалақылары 30 пайызға өсті.
«Айғақ-Ақпарат»
Суреттер Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.