Ұзақ жылдар Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, мегаполистегі экономиканың ахуалын бес саусағындай білетін Гүлжан Құрманбекова енді рухани астананың саладағы жұмысына тәлімгерлік етпек. Яғни, Гүлжан Мамытқызы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Экономика, қаржы мәселелері бойынша Өмірзақ Естайұлының кеңесшісі ретінде жаңа жұмысына кірісті.
Бүгін Түркістан облысының әкімдігінде аппарат жиынының өткендігі белгілі. Сондықтан да, Гүлжан Мамытқызының жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!
«Айғақ-Ақпарат»